ДИКТОР: Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр. Бұл жарыста туған апалы-сіңілі - Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті. Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бокс жарысы да өз мәресіне жетті. Финалда өзбекстандық боксшымен жұдырықтасқан жерлесіміз Мұхамедәлі Рүстембек қарсыласына есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. Қазақстан құрамасынан соңғы болып 80 келіден жоғары салмақта Мұхамедәлі Рүстембек шаршы алаңға шықты. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Асадбек Султанбоевпен жұдырықтасты. Өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.