ДИКТОР: Аршалы ауданына қарасты Елтоқ, Қойгелді ауылының тұрғындары көп жылдардан бері жолдың азабын тартып келген еді. Енді міне облыстық маңыздағы жол күрделі жөндеуден өтіп, ел тұрғындарын қуантты.
РКС: Мына жол Қойгелдіден Елтоқ ауылын басып өтіп, Алматы-Екатеринбург тас жолына дейін апарады. Ұзындығы 15 шақырым. 3 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізіліп, құрылысы аяқталды. Қазір жол жиектері түзетіліп, жолақтар сызылып жатыр. Кейін жол белгілері орнатылады.
СНХ: ТИМУР ШИБИЛОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталды. Облыстық маңызы бар жол күрделі жөндеуден өтті. Жұмысқа 50 техника, 70 адам жұмылдырылды. Аяқтап жатырмыз.
РКС: Мердігер компания алдағы 5 жыл бойы жолды күтіп ұстауға міндетті. Яғни, жыртығын жамап, шұрық-тесігін түзейді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жол ширек ғасырға жуық жөндеу көрмеген. 1 мыңға тарта халқы бар Елтоқ ауылдық округінің тұрғындары, енді тынысымыз ашылып, көкжиегіміз кеңейе түсті, деп қуанып отыр.
СНХ: ҒАЛИЯ МАХАНОВА, ЕЛТОҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 20 жыл жол болған жоқ. Қатты қиналдық. Екі күннің бірінде көлігіміз бұзыла беретін. Енді міне халықтың қуанышында шек жоқ. Мен жиі жол жүремін. Сапасы да жақсы. Алғыс айтамыз.
РКС: Сондай-ақ, бүгінгі күні ауданда Түрген-Белоярка-Константиновка бағытындағы автожолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба құны 616 миллион теңге.
БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ