ДИКТОР: Ақкөл ауданына қарасты Новорыбинка ауылының тұрғындары денсаулығын түзеу үшін ат арылтып, алысқа шапқыламайды. Себебі, осы айдың ортасына дейін заман талабына сай жаңа дәрігерлік амбулатория ашылмақ. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау нысанына барып, тұрғындармен кездесті.

РКС: Жаңа денсаулық сақтау мекемесінде 4 жатын орынға шақталған күндізгі станционар қарастырылған. Бұл жерде алғашқы көмек пен физиотерапевтік шаралар көрсетіледі. Тіпті, емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізетін арнайы бөлме де бар. Енді жаңа амбулаторияда 2 мыңға жуық адам алысқа қатынамай, қажетті ем-домды ала алады.

СНХ: ЛИДИЯ ПЕНЬКОВА, НОВОРЫБИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Дәрігерлік жаңа амбулаторияның ашылғанына өте қуаныштымыз! Бұған дейін біз Ақкөл ауданына қатынауға мәжбүр едік. Зейнеткерлерге қиын болды. Оның үстіне такси де қымбат. Енді ауылымызда заманауи жабдықтармен жарақтандырылған керемет кабинеттер мен ғимаратымыз бар.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауыл медицинасын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жаңа амбулатория стандартқа сай, тұрғындарға сапа мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Десе де, мәселе жоқ емес. Әзірге денсаулық сақтау нысанының меңгерушісі аудандық ауруханадан қатынап келіп, халыққа көмек көрсетпек. Арнайы баспана беріліп, көтерме ақы төленсе де ауылға маман тарту мәселесі өзекті. Мұндағы басты мәселе жергілікті блогерлерден көрсетілетін қысым.

СНХ: МАРАТ БЕРДІМҰРАТОВ, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Амбулаторияда бүгінгі күнде дәрігер қатынап істейді. Аптасына 2 рет. Сосын 2 мейірбике және де психолог бар. Негізі бір дәрігер керек. Іздеп жатырмыз. Еңбекке заявка бердік. Күтеміз.

ИНТЕРШУМ: Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың аудандық аурухананың бас дәрігерімен әңгімелесуінен үзінді

- Месяц назад уволился.

- Отсюда?

- Из за жилье?

- Нет, не только жилье. Жители, они же некосколь сел обслуживают. Есть всякие блогеры. За два года 3 врача уволились с этой амбулатории. Есть блогеры которые давят, и это не выдерживают. Еле-еле уговариваем что бы они сюда пришли. Месяц отработал последний, уехал.

- Ну и что? Будем блогеров бояться и не будем работать что-ли? Общество,обществой. Им же жить, им работать. Один блогер будет всех разгонять что-ли? а где местные власти? Если блогеры их провоцирует, преследует. Накажите по всей строгости законы! И повода не давайте для блогеров.

РКС: Кейін өңір басшысы Ақкөл ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Алғашқы кірпіші 2022 жылы қалана бастаған еді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты мердігерді сынға алды.

ИНТЕРШУМ: Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың сапаға көңілі толмауы:

- Мұндай есіктерді қолданбаймыз, салмаймыз ғой қазір. Есіктің сапасы өте төмен.

РКС: Облыс әкімі мердігерге жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Аудан әкіміне де сапаға баса назар аударуды қатаң ескертті. Қазір басты мәселе - баспананы жылумен қамтамасыз ету.

ИНТЕРШУМ: Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың сала мамандарын сынға алудан үзінді:

- Так, Айшат сен анау 2023 жылы Пинчуктың үйін декабрьда, жаңа жылда кіргіземіз деп уәде бердін. Ұят болып қалды. Қазір тағы да ұят болып қалмайды ма?

- Бұл жерде басты мәселе бір проект қана емес. Бұл ұйдің енгізілуіне қосымша электр желілері сонымен қатар инженер желілер, қазандықтың құрылысы 90 пайызға дайын тұр. Электричество қоса алмай отырмыз. Если электричество берсе, Алла жазса жылу беру берек бірінші очередь. Ішкі жұмыстар зая кетпеу үшін.

- Иә, қазір жылу бермесендер бүкіл ішкі жұмыстьар кетіп қалады ғой. Не істейсіндер енді?

- Котельный дайын. Қосылған уже.

- Күрделі мәселе - абаттандыру.

- Енді үй біткенмен, абаттандыру болмаса үйді бермейсін ғой. Или бере бересін ба? Жоқ, қараш енді негізгі жұмыстарын бітіресін. Абаттандыру болмайды. Абаттандыру болмаса, үйді тапсыра алмайсын онда. Қыста адамдар тұра алмайды ғой. Солай емес пе? Жылу бермесендер Атбасар сияқты үйлер болып кетеді ғой.

РКС: Кейін аймақ басшысы Марат Ахметжанов тыл ардагері Шәрипа Құсайынованың отбасына барды. Балалық шағы соғыс жылдарымен қатар келген сәтте тылда еңбек еткен Шәрипа апа биыл 98 жасқа толды. 13-14 жасынан жер жыртып, алқап басында анасына көмектескен. Бойынан қуаты тайғанша еңбектен қол үзбеген Шәрипа Құсайынова бүгінде немере, шөбере сүйіп, перзенттерінің сый құрметіне бөленіп отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Нысандарды аралаған соң облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесті. Жыл басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық бағытын дамыту үшін 19,2 млрд.теңге инвестиция тартылды. Бұл қаржы елдімекеннің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жұмсалады. Еске сала кетейік, биыл өңірде 7,6 тонна астық жиналды. Осы орайда, Ақкөл ауданының диқандары да жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл 15 центнерден Ақкөл ауданында бұл болмаған көрсеткіш. 243 мың тонна сапалы астық жинадыңыздар. Былтыр ғана 14 центнерден, ал жалпы 10 центнер, 7 центнер, 8 центнерден. Осы 20 жылда мен зерттедім Ақкөл ауданының жағдайы қалай деп. Соңғы кезде 10-11 центнер. Биыл енді 15 центнер. Бірақ та әрі қарай мемлекет тарапынан көмекті дұрыс, тиімді пайдаланса нәтиже одан да артық болады.

РКС: Кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың қабылдауына келгендер негізінен тұрғын үй, жер алуға қатысты сұрақтарды ортаға салды. Сонымен қатар, елдімекендегі әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеуге қатысты қоғамдық мәселелер де көтерілді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ