ДИКТОР: Биыл «Бурабай» ұлттық табиғи паркі аумағында жаңадан 7 шолу алаңы ашылды. Ірі инфрақұрылымдық жоба туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар экожүйеге түсетін рекреациялық жүктемені азайтуға бағытталған.
STAND-UP: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қазір біз Бурабайдағы 147 метр биіктікте орналасқан Бөлектау шолу алаңында тұрмыз. Осы жерден курортты аймақтың ең көрнекті орындарына тамаша көрініс ашылады. Сондықтан осында келушілердің саны өте көп. Ал осындай жабдықталған алаңдар ең алдымен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
РКС: Бурабайдың тамылжыған табиғатын енді Әулиекөлді жағалай орналасқан жартастастардың биігінен тамашалауға болады. Барлығы осындай 7 шолу алаңы бар. Олар: Аютас, Кебістас, Бөлектау, Мойнақ, Максимка, Иманай және Күйген мүйіс.
СНХ: РАУАН ТӘТТІБАЙ, ЖОБАЛАУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Жеті шолу алаңымызды жеті қазынамызға байлағанбыз. қазіргі тұрған локациямыз шолу алыңымыз қыран құсқа арналып жасалған. Бүкіл шолу алаңдары қойылған кезінде бірде- бір ағаш кесіліп алынған жоқ, барынша орындарында қалдыруға тырыстық.
РКС: Жыл сайын Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Бурабайда бір жарым миллионнан аса турист демалады. Инфрақұрылымның жетілдірілген сайын демалушылардың қатары артып келеді
СНХ: РАИСА ШӘКЕНОВА, ТУРИСТ: Бірінші келуім, өте керемет әсерде болдым. Осы жаққа келуге арманда едім. Таза ауасы қандай, табиғаты қандай, керемет әсер алып тұрмын. Биіктен, жоғарыдан лестницалармен көтерілдік. Кішкене шаршаңқы болдық, бірақ керемет әсерде болдым, шаршағымды да ұмытып кеттім, осы таудан жоғарыдан көргеннен кейін.
СНХ: БАЯН СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ, ТУРИСТ: Әсерім өте керемет, мен өзім Бурабайда бірінші рет болып тұрмын. Бурабайды бұрын еститінмін, керемет, табиғаты керемет орын деп. Осы жолы өз көзіммен көріп, жан дүниеммен сезініп, осындай керемет мекеннің біздің елімізде орналасқанына шын жүректен қуанып тұрмын. Мына жаңадан жабдықталған орындарды туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған екен.
РКС: Шолу алаңдарымен қатар Бурабай аумағына бірнеше саябақ балалар ойын алаңдары мен әткеншектер ,ақпараттық тақталар қойылды. Жалпы, Жалпы, Щучинск-Бурабай курортты аймағын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 2029 жылға дейін 137 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ