ДИКТОР: Көкшетауда «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық жастар кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда өңірдегі шығармашыл жастарды қолдаудың жаңа тетіктері талқыланып, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған негізгі бағыттар түсіндірілді.

РКС: Облыстық мәслихаттың депутаты жастар үшін маңызды шараларды қалалық мәдениет үйлерінде тегін өткізу мәселесін көтерді. Себебі қазір қаладағы мәдениет үйлерінде барлық шара ақылы түрде ұйымдастырылады. Ал Көкшетауда 20 мыңға жуық жас бар. Сондықтан олардың шығармашылық пен қоғамдық белсенділікке еркін қатысуы - өңір үшін аса маңызды.

ЛЮФТ: Бұл мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Жастар ресурстық орталығы жыл сайын «Өз таңдауыңды жаса» атты ауқымды шара өткізеді. Барлық ұйым қатысады. Соған қарамастан, оларға зал беру бойынша басқарма тарапынан рұқсат берілмейді. Депутаттық сауал жолдадым, хабарластым, бірақ әлі ресми жауап алған жоқпын. Мәдениет үйлері табыс табуы керек, бірақ олар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатынын да естен шығармауы қажет.

РКС: Кеңес мүшелері бұл түйткілді жүйелі шешу үшін арнайы меморандум әзірлеуді ұсынды. Онда жастарға тегін өтуі тиіс іс-шаралардың нақты тізімі көрсетілмек. Жиында сондай-ақ Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының жаңа басымдықтары түсіндірілді.

СНХ: АЛЕКСАНДРА ГОМОНОВА, «КЕЛЕШЕК» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Президенттің Жолдауы — жай есеп емес, елдің болашақ даму стратегиясы. Онда жастарға ерекше басымдық берілген. Цифрландыру, жасанды интеллект, «Алатау» цифрлық қаласын салу сияқты бастамалар — жас буын үшін үлкен мүмкіндік. Құрылыспен бірге жаңа жұмыс орындары да көбейеді.

РКС: Өңірде жастарды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. Кеңес мүшелері олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жатақханалардағы жағдайды жақсарту және басқа өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныс енгізді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ