ДИКТОР: Кеше Көкшетауда «Көңілді жастар алаңы» ойындарының жаңа маусымы басталды. Әзіл-сықақ ойынына 7 құрама қатысты. Дарынды жастар бақ сынасып, ерекше актерлік шеберліктерін көрсетті. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Сайыс барысында қатысушылардың актерлік өнері, тапқыр ойы мен командалық үйлесімділігі айқын байқалды. Көңілді кеш көрермендерге шаттық пен күлкі сыйлап, оларда ұмытылмас әсер қалдырды. Әзіл-сықақ ойында қаламыздың студенттері және екі ауданнан келген таланттар маусымашар – 2025 кубогына бақ сынасты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЙ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бұл бізде алғашқы ойын. Жеті құрамасының екі құрамасы аудандардан келіп отыр. Біреу Бурабай ауданынан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығынан келсе, екіншісі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының «Ақжар» құрамасы қатысып отыр. Жыл сайын осы ойынды өткіземіз. Зал көрерменге лық толы. Әркім өзінің командасына жанкүйер.
СНХ: Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ «DIAMOND» ҚҰРАМАСЫ: Бүгінгі ойын өте жақсы деңгейде өтті. Эмоцияларымыз өте күшті. Күшті әсер алдық. Сәл қобалжып қалдық бірақ алдағы ойындарда жақсы жетістіктерге жетіп, командамызбен үлкен белестерден көрінеміз деп ойлаймыз. Дайындық өте жоғары деңгейде өтті деп ойлаймыз. Біздің құрамаға жаңа қатысушылар келді. Сол қатысушылардың көмегімен біз өте жақсы деңгейде өнерімізді көрсеттік. Барлық командалар өте жақсы, мықты. Үлкен жетістіктермен олар да көрінеді деген ойдамыз. Барлығына сәттілік тілейміз!
РКС: Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мусин» құрамасы маусымашар ойынының чемпионы атанды. Енді олар ширек финалда бақ сынайды.
СНХ: Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ «МУСИН» ҚҰРАМАСЫ: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледждің намысын қорғап жүрміз. Біз осы ойыннан көптеген үміт күтеміз. Осы ойыннан әрі қарай көптеген ойындарға шығып, өзіміздің колледжіміздің намысын қорғаймыз. Жалпы біздің осы салаға келгенімізге 2 жыл болды. Жаңадан қатысушылар келді. Сәттілік серігіміз болады деп ойлаймыз.
РКС: Финалдық ойын желтоқсан айының басында өтеді. Ол қалған үш кездесу аяқталған соң ұйымдастырылмақ. Дәл осы уақытта қаланың ең көңілді және тапқыр командасы анықталады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ