ДИКТОР: Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Көкшетау Энерго» серіктестігі ардагерлеріне құрмет көрсетті. Мерекелік шара барысында серіктестік бөлімшелеріне 20-дан астам автокөлік табыстады. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара осындай мерекелік атфосферада ұйымдастырылды. Компанияның бас директоры Досымхан Аралбаев қызметкерлерді келе жатқан 9 мамыр күнімен құттықтады.
СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Майдангер ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің ерлігіне алғыс айтамыз, және олардың алдында тағзым етеміз. Бүгін сол кісілердің немере-шөберелеріміз. Олардың әрқайсысының жеңіске қосқан үлесін баға жетпес, тілмен айтып жеткізе алмайтын үлкен құнды дүниелер. Осы маңызды мерекелер қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, амандық, ашық аспан және Отанымыз әрі қарай өркендеуіне бәріміз қосылып, оны дамығанын, алға жылжығанына куә болатын жағдайларымыз көп болсын. Мереке құтты болсын!
РКС: Былтыр жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді. Биыл осы жоба аясында жедел-көшпелі бригадалар және желілік-монтерлік учаскелердің жұмысын жеңілдету және жетілдіру жұмысы қолға алынды. Осыған орай серіктестік «Соболь» және «Газель» маркалы жаңа 30 автокөлік сатып алды. Айдың соңына дейін тағы 8 көлік жеткізілмек. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады. .
СНХ: СЕРГЕЙ КАДОЧНИКОВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Автопаркіміз жаңартылып жатыр. Басшылыққа алғысымзды жеткіземіз. Мобильділік болу керек. Барлық жерге үлгеруіміз қажет. Жеделдік біршама артады. Бұған дейін бөлімшемізге бірнеше жаңа манипулятор табыс етілген еді.
РКС: Іс-шара спорттық жарысымен жалғасты. Мұнда қатысушылар қол күресінде күшін сынап, пневматикалық қарумен оқ атудан сайысты. Дартстан да жарысты.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.