ДИКТОР: Елена Балянова – майданда соғыспаса да тылда еңбек еткен, жеңісті жақындатуға үлес қосқан жандардың бірі. Жасы 95-ке келген кейуананың сол ауыр жылдар күні кешегідей есінде. Сұрапыл соғыс жылдары жасөспірім бала болса да үлкендермен бірге еңбек етті. Әкесі соғыста көз жұмды. Ол отбасымен бірге аштық пен жоқшылықта жүріп, күндіз-түні еңбек етті. Сол кездердегі ауыр кезең оның жадында күні кешегідей сақталып қалған.

РКС: Тыл еңбеккерінің өткен өмірі қиындыққа толы, қанды соғыс тіпті балаларды да аяған жоқ. Елена Балянова сол кезде 11 жаста еді. Егістікте қолмен жұмыс істеп, бір жылдан соң сауыншы, кейін мал бақты. Майданға азық-түлік жөнелту үшін көппен бірге күндіз-түні аянбай еңбек етті.

СНХ: ЕЛЕНА БАЛЯНОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ: Біз ол кезде еңбекақымызға ештеңе алған жоқпыз, керісінше, бізден талап етті. Еңбек еткен жастардың ішінде жаңа үйленгендер, бір-екі балалары барлар болды. Көпшілігі көз жұмды. Ал біздің үйде 5 бала болды. Үйімізге келіп жұмыртқа неге тапсырмайсыңдар деп қарайды, сандықтың іші бос, беретін ештеңе жоқ. Аштық кезі ғой, шөп пен картопты талғажау еттік. Мен 16 жасқа толғанда соғыс аяқталды, мен сауыншы, кейін бақташы болдым.

РКС: Еленаның әкесі майданға жіберіліп, қан шайқаста көз жұмды. Анасы науқас болды. Ерлер соғысқа алынып жатты, отбасы мен көрші-қолаң аштыққа ұшыраған кезең еді. Соғыс нағыз күйзеліс уақыты болды, дейді ол.

СНХ: ЕЛЕНА БАЛЯНОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ: Сенесіздер ме сол кезде мен енді ешқашан нан жемейтін шығармын деп ойладым. Біз солай өмір сүрдік, сондай қиындықты бастан кешірдік. Біз күндіз түні демалыссыз еңбек еттік. Қазір барлығы бар, демалыс уақытылы беріледі. Ал соғыс жылдары ондай мүлдем болған жоқ. Біз жеңіске жақындап қалдық, жауды қалайда жеңеміз деген сеніммен еңбек еттік, солай өмір сүрдік.

РКС: Елена Балянова Башқұрстанда Верхний Алыштан ауылында дүниеге келген. Ол тек 4-ші сыныпты ғана бітірген. Өйткені еңбек ету керек болды. Соғыстан кейінгі жылдары құрылыста еңбек етті. Кейін Көкшетауға қоныс аударады. Мұнда элеваторда лаборант болды. Оның жалпы еңбек өтілі 42 жыл. Ерен еңбегі үшін бірнеше медаль мен алғыс хаттарға ие болған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.