ДИКТОР: Құралай Жұмабекованың шаңырағында балалардың күлкісі үнемі естіліп тұрады. "Жетімін жылатпайды, жесірін қайғартпайды" деген сөзді ұран еткен көпбалалы ана бүгінде 17 балғынды тәрбиелеп отыр.

РКС: Құралай Жұмабекова отбасылық өмірімен қатар жұмысын да ұштастырып келеді. Ол «Аналар үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі, облыстық мәслихаттың депутаты. Мамандығы бойынша педагогик-психолог. 10 жыл бұрын, жетім балалармен қамқорлықсыз қалған аналарға қол ұшын созып, көмектесуге бел буды. Бүгінде бұл игі істі өзінің өмірлік миссиясы ретінде санайды.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Өмірімнің 10 жылын қараусыз қалған балғындар мен қамқорлықсыз қалғанжалғыз басты нәзік жандыларға арнап келемін. Бұл маған ерекше қуаныш әкеледі.

РКС: 2016 жылы Құралай 4 баланы асырап алған. Осылайша, өңірдегі алғашқы патронаттық отбасы атанды. Бүгінде ол 17 баланы тәрбиелеп отыр. Оның тең жартысы ата-ананың жылуынсыз қалған балғындар.

СНХ: МАКСИМ, ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВАНЫҢ ҰЛЫ: Мен жақында 21-ге толамын. Анам мені 12 жасымда балалар үйінен асырап алды. Келген сәтте барлығымен тез тіл табысып кеттім. Мені асырып, маған жаңа өмір сыйлаған анама өте ризамын. Анам ең мейірімді жан. Әрдайым адамдарға көмек беруге дайын тұрады. Қайырымдылық жасаудан алдына жан салмайды. Осындай мейірімді адамның баласы болғаным мен үшін үлкен мақтаныш.

РКС: 2018 жылдан бері Құралай Жұмабекова «Аналар үйі» қорын басқарып келеді. Қоғамдық қорға басар тауы, барар жері болмаған аналар келіп, жаңадан өмір бастайды. Оларды тұрақты жұмыспен қамтып, қолдау көрсетіледі.

СНХ: ВЛАДА КОПТЕЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазір Құралай тәтенің арқасында жағдайым шақсы. Мені өзі тауып, аналар үйіне шақырды. Құралай тәтесіз мен ештеңе жасай алмайтын едім. Ол кісіге деген алғысым шексіз. Маған тұрақты жұмыс тауып беріп, баспана берді. Қиын сәтте маған қол ұшын созып, қолдау көрсетті.

РКС: Кейіпкеріміз үшін қайырымдылық деген сөз ұлы сөзбен іспеттес. Құралай сияқты кең жүректі жандар бұл әлемде кем де кем. Оның айқын дәлелі осы баспанадағы балғындардың шанайы күлкісі мен бақыты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ