ДИКТОР: Бұрын соңды болмаған, қамба бұлай толмаған! Ақмолалық диқандар биыл 7 жарым миллион тонна астық жинап, ректорд жаңартты. Енді, алтын астықты кептіріп-сұрыптап, көңілге қонымды бағамен сатса, алажаздай алакеуімнен алқапқа шығып, кеш батқанша тынымсыз тірлік жасаған тың қызметкерлерінің маңдай тері ақталар ед. Аршалылық дитқандар да бүгінде орақ науқанын толық аяқтады. Қазір қырмандағы жұмыс қауырт.
ЖКС: Үш бірдей кәсіпорынның басын біріктірген «Балашов» шаруа қожалығы биыл 4 жарым мың гектар егістік алқабына дән сіңірген. Орташа есеппен гектарынан 15 центнерден астық жинапты. Тіпті кейбір алқаптарда шығымдылық 30 центнерге дейін барған. Бұл жақсы көрсеткіш. 6 мың 300 тонна бидай қамбаға құйылды. Келесі жылға деп 540 тонна тұқым қорын сақтап қойыпты.
СНХ: ВЛАДИМИР БАЛАШОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз күзгі маусымға барынша дайындалдық. Соның арқасында 4 жарым гектар алқапты 3 аптаның ішінде жинап үлгердік. Көрші шаруашылықтарға да көмектестік. 7 комбайн жұмылдырылды. Біздің ауа райы құбылмалы, сондықтан әр істі уақытында істеу маңызды.
ЖКС: Жалпы аудан бойынша 200 мың гектарға жуық алқапқа астық және дәнді-бұршақ дақылдары егіліп, бүгінде күзгі жиын-терім толық аяқталды. Орташа шығымдылық гектарынан 14,7 центнерді құрап отыр. Бүгінгі таңда майлы-дәнді дақылдарды жинау аяқталуға жақын. Күзгі орақ науқанына аудан бойынша 434 дала кемесі, 36 трактор және 150 жүк көлігі жұмылдырылоған. 290 мың тонна астық жиналып, 21 мың тонна тұқым қоры әзірленген.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Орақ науқаны аяқталды. 197 мың гектар егістік алқабына дән сіңіріп, гектарына орташа есеппен 14, 7 центнерден астық жинадық. Жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы 3 классты бидай.
ЖКС: Қазір диқандар қамбаға құйылған астықты кептіріп-сұрыптап, бабына келтіріп жатыр. Қолда бар алтынның қадірін білетін агрошаруашылықтар, ең бастысы астықтың бағасы көңілге қонымды болса деп ниеттенеді. Бұл келесі жылғы маусымға тыңғылықты дайындалуға мол мүмкіндік бермек.
Берік Қайдарұлы, Бауыржан Смағұлов, Көкше-Ақпарат