ДИКТОР: Бурабай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, Кенесары ауылының тұрғындары ұзақ жылдар бойы күткен мәдениет ошағы бой көтерді. Сонымен қатар, бірнеше ауылда мәдениет және медициналық мекемелер күрделі жөндеуден өтті. Бұл мемлекеттік қолдаудың және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігінің арқасында іске асырылды.
РКС: Кенесары ауылында 2 мыңға жуық тұрғын бар. Оның 300-ден астамы бала. Ал елдімекенде 30 жылдан астам мәдениет үйі болмаған. Енді ауыл тұрғындарының көптен күткен шығармашылық пен демалыс алаңы бар.
СНХ: ГҮЛНӘР ЕСЖАНОВА, КЕНЕСАРЫ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ауылда кезінде мәдениет үйі болған жоқ. Қазір міне үлкен ошақты 1 жылдың ішінде бізге салып, қолдануға беріп отыр. Біз өте қуаныштымыз.
РКС: Жаңа мәдени нысанда кітапхана, би залы, домбыра және қолөнер үйірмелері бар. Тіпті, ақ жаулықты әжелер үшін вокалдық үйірме де қарастырылған. Олар өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылық пен салт-дәстүрді сіңіруде.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жаңа мәдениет үйі 1200 орынға шақталған. Бұл ауыл тұрғындары үшін мақтаныш.
СНХ: ЛЮБОВЬ СКОТОРЕНКО, КЕНЕСАРЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз 90-шы жылдан бастап мәдениет үйін аңсадық. Жасым 73-те. Балаларым, немерелерім келетін мәдени ғимаратымыз болмады. Өскелең ұрпақ дамып, ауылдан кетпеуі үшін міндетті түрде мәдениет үйі болуы керек. Енді Кенесары ауылы мәдени ауыл болмақ.
РКС: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ұрымқай ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Мәдени ошақтың шатыры, едені, есіктері жаңартылып, әрлеу мен электр жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа музыкалық аппаратура мен LED экран да орнатылған. Жаңартылған мәдениет үйі қазір 200 орындық. Ал, кітапхана қоры 500 кітапты құрайды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов кітапханаға кітап сыйлап, қорды толықтырды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАҢАЛЫҚ ТҰЙМАҚОВ, ҰРЫМҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мәдениет үйі 1961 жылы істелінгенімен, содан бері ешқандай күрделі жұмыс жасалған жоқ. Мемлекет күніне қарай бізге үлкен сыйлық жасады. Балаларға, өзімізге. Іші жылы, библиотекасы бар. Қазір кітап оқуға балаларға үлкен мүмкіндіктер бар.
РКС: Сонымен қатар, Ұрымқай және Қызылағаш ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өтті. Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына қаржыны жергілікті бірлестік өкілдері берді. Бұл өз кезегінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ