ДИКТОР: Республика күні қарсаңында №20 мектеп-гимназиясында «Егемендік – ел мұраты, ұрпақ аманаты» атты ауқымды іс-шара өтті. Шара аясында өткен «Ұрпақтар үндестігі» атты форсайт-сессия – үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен жастардың жаңаша көзқарасын ұштастыратын тағылымды диалог алаңы болды.
РКС: Мұнда зейнеткерлер, ұстаздар және оқушылар ұлттық құндылық, тіл мен дәстүрдің қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде ашық пікір алмасты. Кешегі тарихты бүгінмен сабақтастырып, болашаққа бағытталған ойлар айтылды. Оқушылар өз пікірлерін еркін айтып, елдің ертеңі үшін білім мен еңбектің, бірлік пен намыстың маңызын атап өтті.
СНХ: МАНАРГҮЛ ТОХАН, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ісшарадағы ең маңызды мәселе бұл құндылық мәселесі. Екі бөлімнен ісшарамызды ұйымдастырдық. Бірінші бөлімінде жалпы ұрпақтар сабақтастығы деген бөлімді қарастырдық. Бұл жерде 3 буын өкілдерінің пікір-талас сайыстары болды. Қорытынды түйін: қай уақытта да құндылық адамзат үшін ең маңызды дүние. Бұл жерде үлкен алғыс білдіруге болады біздің ата-аналар қоғамына. Екі топ болып келіп, өздерінің ізгі-тілектерін, өсиеттерін, балаға не керек екендігін ата-ана көзімен оқушыға айтты. Ата-ана ұстаз, педагог арасындағы бір байланысты тағы бір күшейте түсті деп айтуға болады. Мұндай ісшараларды алда әлі де жоспарлаймыз.
РКС: Форсайт-сессиядан кейін өткен шараның екінші бөлімі – «Жыр арнадым саған, туған елім!» атты мерекелік концерт елге деген сүйіспеншілікті өлең мен әуен арқылы өрнектеген әсерлі кешке ұласты. Сахна төрінде ұлы ойшыл Абайдың бейнесі сомдалып, мектеп ұжымы ақынның терең мағыналы өлеңдерін көркем сахналық қойылым түрінде ұсынды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚУАТ ҚУАНЫШБЕК, ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл іс-шарада мен Абайдың рөлін сомдадым. Негізі, Абай атамыз бізге оқы, оқы деп өсиет қалдырып кеткен. Егер де былай қарайтын болсақ Абай атамыз жазып кеткен "Ғылым таппай мақтанда, орын таппай баттанба. Құмарланып жаттанба,ойнап босқа күліге 5 нәрседен асық бол. 5 нәрсеге қашық бол" деп бізге өсиет айтып кеткен. Міне, жаңағы көріністе біз келешек ұрпаққа білімнің маңызды екенін айттық. Жалпы, былай қарап тұрсақ оқу, білім кезінде біз ғылымға сүйеніп, өзіміздің ақылымға сеніп және сол ақылымызға сеніп, білім алатын болсақ онда болашағымыз жақсы қолда болмақ. Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиеттері өте көп. Сабақ басталған кезде Абай атамыздың құндылықтарын айтып кетеміз, қара сөздерін айтамыз.
РКС: Одан кейін сахна төрінде еліміздің тарихын, қиындық пен жеңіс жолдарын бейнелейтін поэзиялық композициялар мен әсерлі әндер шырқалды. Сахнадан өрбіген әрбір туынды – Тәуелсіз Қазақстанның даңқты жолына тағзым етіп, болашақ ұрпақты ел мен жерді сүюге, оны қорғауға шақырған әсерлі үндеуге айналды. Бұл мерекелік бағдарлама – жас ұрпақтың жүрек түкпірінен шыққан елдік үн, егемен елдің болашағына деген сенім мен мақтаныштың айғағы.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ