ДИКТОР: Республика күні қарсаңында 5510 әскери бөлімінде жаңа казарма ашылды. Заманауи талапқа сай нысан бір батальонды орналастыруға арналған. Салтанатты ашылу рәсіміне Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков пен облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
РКС: Шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов жаңа казарманың ашылуымен құттықтап, заманауи ғимарат құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілердің жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ағымдағы жылы бөлімнің әскери қызметшілері 40-тан аса қылмыстық белгісі бар құқық бұзушылықтың және 500-ге жуық әкімшілілік сипаттағы заңсыздықтың жолын кесті. Сіздердің қырағы қызмет пен кәсіби шеберлік арқасында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығы қамтамасыз етіледі. Сіздер өрттер мен су тасқынын жоюға белсенді түрде қатысып, қиын кезде әрдайым көмекке келесіздер.
РКС: Жаңа ғимаратта әскери қызметшілер үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Мұнда оқу сыныптары, кең әрі жайлы тынығу және психологиялық демалыс бөлмелері қарастырылған. Интерактивті панельдер мен LED-экрандар орнатылған. Сондай-ақ, спортпен айналысуға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.
СНХ: АҢСАҒАН БАЛТАБЕКОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ: Бүгін біз Республика күніне орай жаңа казарманың ашылуы салтанатында бас қосып отырмыз, бұл Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жасалған қамқорлықтың және елдің қорғаныс қуатын арттыруға бағытталған нақты істердің көрінісі. Жаңа казарма сарбаздардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, қызметке деген жігерін арттыруға арналған маңызды нысан.
РКС: Жаңа талапқа сай жабдықталған әскери қызметшілерге өз борышын адал атқаруға қосымша серпін бермек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ