ДИТОР: Зеренді ауданына қарасты Ортақ ауылының тұрғыны Қабдырахмановтар әулетінде 1850 жылдары Мекке Мединадан әкелінген құран кітап сақтаулы. Оның елге жету тарихы да ерекше. Тілші баяндасын.
РКС: Ортақ ауылының тумасы Сексенбай Малкелдіұлы 1810 жылы дүниеге келген. 8 жасында шеттен келген керуеншілерге ілесіп әуелі Бұқараға, одан соң Мекке-Мәдинаға барып, діни білім қуады. 40 жылға жуық діни білім алып, кейін елге оралады. Осылайша, қасиетті мекеннен Сексенбай ақсақал 6 Құран кітап алып келген. Бұл қасиетті кітап шамамен 1600 жылы жазылған. 4 ғасырдан аса тарихы бар Құран кітабы Сексенбай Малкелдіұлыныңшөбересі Нұрланның үйінде сақтаулы тұр.
СНХ: НҰРЛАН ҚАБДЫРАХМАНОВ, СЕКСЕНБАЙ МАЛКЕЛДІҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ: Әулие атамыздың қалған мұрасы. Ең ақырынғы сол менің нағашы әжем құран оқитын. Ол кісі 1986 жылы қайтты. Сол уақытқа дейін сол кісі оқыды. Одан кейін ешкім оқыған жоқ. Шеттері міне үлбіреп қалған. Баяғыда әкем айтатын атамыздың тұсында, қазір ойлаймын ақ патшалар іздеткен шығар деп. Мынау кітапты іздеп келеді дейді, бұл сандықтың астында жатады. Бәрін лақтырып, қопарады. Бұл жатады, бірақ оны көрмейді дейді. Жоқ қой деп кетеді. Қалай жоқ деп қайтадан қарағанда бұл жатады дейді сандықтың астында. Сондай қасиеті бар. Жаман ниетпен келген адамдарға көрінбей тұр ғой қасиетті құран.
РКС: Ел аузында, егер де біреу сырқаттанып немесе жазатайым бір жағдайға ұшырағанда, осы Құранды қолына алса, бірер күннен кейін айығып, беті бері қараған жайлар жайлы әлі күнге дейін айтылып келеді.
СНХ: СЕРІК ҚАБДЫРАХМАНОВ, СЕКСЕНБАЙ МАЛКЕЛДІҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ: Біздің атамыз бірда ашуланбаған дейді ғой. Ашуланып та көрмеген екен. Ол кісі аяқ киім кимеген екен дейді жазды күні. Жалаң аяқ жүретін, бірақ аяғы кірлемейтін. Аяғына шаң жұқпайтын. Әулиелігі сондай сол кісінің. Жаңбыр жауып тұрса, жаңбырдың астында жүреді дейді. Дұға оқиды екен. Сол дұғаны қолшатыр ретінде көрсе керек. Үстіне бір тамшы су тимейтін. Асаудың аяғын жіпсіз байлап тастайды дейді. Сондай кісі болған екен.
РКС: Сексенбайдан ғұлама, діни қайраткер Науан Хазірет дәріс алған деген дерек те бар. Сексенбай Малкелдіұлы 1903 жылы бақилық болған. Бұл суық хабар бірден Меккедегі дінбасыларына жеткен. Діни қайраткерге деген құрмет ретінде олар қажылықта болған Данияр Қойшыұлына Қағбаның жамылғысын сыйға тартса керек. Бүгінде ол Көкшетауда тұратын шөбересі Мәктай Молдабаев шаңырағында көзінің қарашығындай қастерлеп, сақтап келеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ