ДИКТОР: Таза ауыз су мен сапалы жолдар - ауылдың жайлы өмірінің маңызды құрамдас бөлігі. Зеренді ауданында таза ауыз су жүйесі іске қосылды, сондай-ақ жергілікті тұрғындар 10 жылдан аса уақыт күткен жол төсемін жөндеу жұмыстары аяқталды.
РКС: Зеренді ауданына қарасты Садовое ауылында 700-ге жуық адам тұрады. Ауылда 1996 жылдан бері орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Тұрғындар 30 жыл бойы орталықтандырылған су жүйесіне қосыла алмай тіршілік нәрінің балама көздерін пайдаланып келді.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ДАЛАКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Қыста боран кезінде жолдар жабылып сусыз отырған кездер болды. Құдық барлық үйде болған жоқ, суды тасымалдап отырды. 1 қазаннан орталықтандырылған су берілді. Судың ағысы жақсы, ешқандай шағым жоқ.
РКС: Жоба Мемлекет басшысының елді мекендерді таза ауыз сумен 100 процент қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде мемлекет меншігіне қайтарылған қаражат есебінен іске асырылды. Ауыл тұрғындары атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ауданда «Астана-Петропавл» тас жолынан Гранитный кенті арқылы Васильковка ауылына дейінгі автожол жөнделді. Тұрғындар бұл сәтті он жылдан аса уақыт күтті. Ұзындығы тоғыз километр учаскенің аудандық мәртебесі бар және өңірдің көлік желісінде маңызды рөл атқарады. Жол бірнеше елді мекенді байланыстырады, сондай-ақ жергілікті карьерлерден ауыр жүк көлігінің өтуін қамтамасыз етеді, бұл жол аудан экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор.
СНХ: ЖАСҚАЙРАТ ЕСЛӘМБЕКОВ, ҚОНЫСБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 2024 жылы байқау жарияланды, «Көкшетау Жолдары» серіктестігі мердігер атанды. 2025 жылы бұл жолды жөндеуге қаражат бөлінді. Тамыз айында мердігерлер жұмысты бастап кетті. 1 айдың көлемінде 4 шақырым жолды жөндеп шықты.
РКС: Бұрын бұл учаске ең проблемалы болып саналатын: ол жерден үнемі ауыр жүк көліктері жүреді. Жол жабындысы тез бұзылып, қауіпсіздікті туғызады. Жол жөнделгеннен кейін елді мекендер арасындағы қозғалыс едәуір ыңғайлы болды, ал жолдың сапасы қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді. «Гранитный - Васильковка» жолын жөндеу - ауданның жол желісін жаңғырту бойынша кешенді жоспардың бір бөлігі.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.