ДИКТОР: Ақмола облысында аса қауіпті инфекциялардың алдын алу шаралары күшейтілуде. «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының зертханасы бірден екі халықаралық стандарт бойынша аккредиттелген, бұл жүргізілетін зерттеулер сапасының жоғары деңгейін растайды. Орталық жұмысының жай күйімен танысып келген тілшіміздің бейнематериалы.
РКС: Облыс бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасында күн сайын мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Мамандар су қоймаларын, топырақ пен үй ошақтарын зерттейді. Бұдан басқа, облыс бойынша мониторинг жүзеге асырылады. Энцефалитті болып саналатын Сандықтау ауданына да ерекше көңіл бөлінеді.
СНХ: АРДАҚ ИСЕНОВА, АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының аса қауіпті жұқпалар зертханасы екі стандарт бойынша аккредиттелген. Облыс аумағында аса қауіпті инфекциялар бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Күйдіргінің топырақ ошақтарын, тырысқаққа арналған ашық су айдындарын, бруцеллезге арналған үй ошақтарына зертханалық бақылау жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша елді мекендердің зоологиялық-паразитологиялық мониторингі жүргізіледі.
РКС: Сонымен қатар, филиалда маусымдық вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлінетін вирусологиялық зертхана жұмыс істейді. Жедел респираторлы вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттану деректерінің өсуі кезеңінде мамандар медициналық мекемелерде іріктелген үлгілерге зерттеу жүргізеді. Тестілеу полимеразды тізбекті реакция әдісімен жүргізіледі, ал нәтижелері сынамалар түскен сәттен бастап үш күннен кешіктірілмей беріледі.
СНХ: СВЕТЛАНА ИДРИСОВА, ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасы жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жедел респираторлы вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанудың эпидемиологиялық маусымында тұмау, жедел респираторлы вирустық инфекция вирустарына және коронавирус инфекциясына зертханалық зерттеулерді қатар жүргізеді. Науқастардың сынамаларының үлгілері медициналық мекемелерде алынады және зерттеу үшін филиалдың зертханасына жеткізіледі. Зерттеу нәтижелері және үлгілері түскен күннен бастап үш күн ішінде беріледі.
РКС: Зертханалардың жүйелі жұмысы мен тұрақты бақылаудың нәтижесінде Ақмола облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып, қауіпті инфекциялардың таралуына жол берілмей отыр. Бұл бағыттағы мамандардың еңбегі өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші буын саналады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ