ДИКТОР: Зеренді ауданында заманауи мал шаруашылығы кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Ферма 400 бас ірі қара малды ұстауға қауқарлы. Бүгінгі таңда нысан 90 процентке дайын. Келер айы нысан іске қосылады деп жоспарлануда.

РКС: Ферма іске қосылса 25-30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Мұнда жергілікті тұрғындармен қатар, көршілес елдімекеннің халқын тарту көзделген. Бұл тек жұмыспен қамтуды арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл экономикасының дамуын ынталандырып, аймақтың өңдеу өнеркәсібін нығайтады.

СНХ: ЮРИЙ ШВЕЦ, «AGRO MILK PROJECT» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз 1 қарашада бұзау қорасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта шамамен 70 бас ірі қара мал әкелінді, тағы 40 бас көршілес фермада. Жақында Родинадан тағы 104, ал Солтүстік Қазақстан облысынан 120 бас әкілінеді. Жыл соңына дейін 400 басқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Төлдеу уақыты желтоқсан айынан басталады. Қаңтардан наурыз айына дейін барлығы кезең-кезінімен жүзеге асады.

РКС: Алдағы уақытта серіктестік 350 бас ірі қара малға арналған тағы бір нысан мен бұзау қорасын салуды көздейді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ