ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Көкшетауға Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен келді. Ол шаһардағы бірқатар білім беру мекемесін аралап, оқушылармен кездесті.

РКС: Министр өз сапарын №10 жаңа білім ошағынан бастады. Мектеп 500 оқушыға шақталған. Бұрын бұл жерде тозығы жеткен ескі білім ордасы тұрды. Оқушылар басқа мектепке ауысуға мәжбүр болған. Себебі ескі білім ошағында 10 оқу кабинеті мен асхана ғана болды. Бүгінде мұнда жағдай өзгеріп, оқушылар қуана келетін жаңа мектеп бой көтерді.

СНХ: ТАТЬЯНА ГРИБНЕР, №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда мектебімізде 466 оқушы білім алады. Мектебіміз аралас. Сондықтан, білім ордасының қабырғасында мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын сыныптар бар. Бүгінгі таңда біз мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарға оқушыларды қабылдауды бастап кеттік. Мектеп өте жайлы. Өскелең ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру үшін керектінің бәрі бар.

РКС: Жаңа білім ордасы замануи жабдықтармен жарақтанған. Кең сынып бөлмелерінен бөлек демалыс орны да бар. Ал, оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектептің іші мен сыртына бейнебақылау камералары орнатылды. Ол тікелей облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мұнда апатты деп танылған мектеп болды. Біз оны бұзып, орнына «Келешек мектебі» стандарттарына сай жаңа білім ордасын салдық. Биік төбе, екі спорт зал, зертхана және заман талабына сай жабдықтар. Мұның бәрі мемлекет басшысының білім беру сапасын жақсарту үшін белгілеген жоғары стандарттарына сай.

РКС: Одан соң оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Аяла» балабақшасы мен «Білім-инновация» және техникалық мектеп-лицейлеріне барды. Онда ол оқушылармен кездесіп, олардың білім деңгейін оң бағалады. Сапар соныңда министр инклюзивті білім беру жүйесіне ерекше басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Инклюзиялық балабақшада әкім жалпы инвотаксиге бөлек қаражат бөлгенін айтты. Бұл өте маңызды. Өйткені өздеріңізге белгілі 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы жалпы инклюзиялық қоғам құруға арнап инклюзиялық білім туралы заң жобасының бірінші пакетын қабылдатқан болатын. Бұдан бөлек, 2023 жылы мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға арнаған екінші пакет заң жобалары қабылданған. Қазір бізде үшінші пакет заң жобалары әзірленіп жатыр. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кешенді қолдау деп аталады. Бұл осы +скл+Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Өткен аптада үкімет өзінің үкіметтік қорытындысын берген болатын.

РКС: Жүйелі мемлекеттік қолдаудың арқасында еліміздегі білім беру сапасы артып келеді. Осылайша, заманауи білім, сапалы болашақтың кепілі болмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ