ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Біржан сал ауданына қарасты Степняк қаласында жаңа аурухана мен емхана салтанатты түрде ашылды. Аурухана кешегі күннен бастап алғашқы науқастарын қабылдады. Бұл аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл ауданның жергілікті халқы үшін маңызды оқиға – жаңа медициналық нысанның бой көтеруі. Осыған дейін Баймырза, Қоғам, Қаратал, Андықожа батыр сияқты 9 ауылдық округтің тұрғындары көрші Бурабай мен Бұланды аудандарына барып ем қабылдауға мәжбүр болған. Осыдан үш жыл бұрын жобаның іске асырылуына 6 миллиард теңге бөлініп, медициналық кешеннің салыну жұмыстары басталды.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі күні ақ түйенің қарны жарылған күн. Біржан сал ауданы үшін, оның ішінде Степняк қаласы үшін көптен күткен армандаған осы бүгінгі күні жаңа емхана ауруханамен бірге салынып жатыр. Бұрынғы ескі аурухана 1929 жылы салынған бір ғасыр болған ескі ғимаратта болатын. Көптеген қиыншылықтар туғызды тұрғындар үшін, өйткені емхана қаланың ортасында болды. Аурухана қаланың шетінде. Сондықтан осындай шешім қабылданып жаңа аурухана салу туралы соның осы жерден орталықтан жерін бекітіп.

РКС: Жаңа аурухана 45 төсек-орынға арналған және заманауи озық медициналық техникалық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда перзентхана палаталары, флюрография және рентген аппараттары, мамограф, офтальмологиялық және лор жабдықтары, хирургиялық, зертханалық және оңалту бөлімдері орнатылған. Бұл – диагностикалық және емдеу сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді. Бүгінде ауруханада 115 медициналық қызметкер еңбек етсе, оның 18-і – дәрігер. Жыл соңына дейін тағы бірнеше тар бейінді мамандардың келуі жоспарланып отыр.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ «SENIM» МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін міне, кең әрі жарық ғимаратты көріп тұрмыз: қабылдау бөлімі, тіркеу орны, жансақтау палатасы, хирургиялық бөлімше – бәрі де заманауи талаптарға сай. Әрине, осы жерде еңбек ететін дәрігерлерге, фельдшерлерге, орта буын медицина қызметкерлеріне де алғыс. Олар аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау ісінде алдыңғы шепте тұрады.

РКС: Президентіміз өз сөзінде: «Үкіметтің басты міндеті – денсаулық сақтау жүйесін нығайтып, халықтың саулығын қамтамасыз ету», – деген болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ауылдық елді мекендерде медициналық көмекті жетілдіруге, тұрғындарға сапалы қызметті барынша қолжетімді етуге басымдық берілуде. Біржан сал ауданында ашылған жаңа аурухана – сол бастаманың нақты жүзеге асқанының айқын көрінісі.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр бір өзінің жолдауларында айтады: біз әлеуметтік мемлекетпіз деп, әлеуметтік жағдайлар халықтың шешіліп жатқан осыдан көріп жатырмын, бұл халық үшін жасап жатқан жақсылық, өйткені дені саудың жаны сау, сол енді денсаулық ең басты байлығымыз.

РКС: Бүгін Біржан сал ауданы үшін жаңа күн, жаңа парақ. Бұл – тек заманауи емдеу мекемесі ғана емес, нағыз медициналық ғибадатхана дейді тұрғындар.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ