ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Ақмола облысында қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен ауқымды волейбол турнирі өтті. Спорттық шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, этномәдени бірлестіктер арасындағы достықты нығайту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтарын дамыту болып табылады.

РКС: Жарысқа өңірдің түрлі ұйымдары мен этномәдени орталықтарынан 10 команда қатысты.

Ойындар жоғары қарқынмен және тартысты түрде өтті, ал турнир нағыз спорт пен достықтың мерекесіне айналды.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін Ақмола облысының барлық этномәдени бірлестіктері қатысқан керемет турнир өтті. Барлық командалар нағыз чемпиондар сияқты керемет ойын көрсетті. Бірінші орын біздің командаға бұйырды .Біз ұйымдастырушыларға, «Қырғыз орталығы» қоғамдық бірлестігіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай тамаша шараны ұйымдастырғандарыңыз үшін үлкен рахмет. Біз спортта одан әрі дамып, келесі жылы міндетті түрде қайта ораламыз. Бұл кубокты сақтап қаламыз. Барлығыңызға үлкен рақмет!

РКС: Турнир Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Манас» этномәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

СНХ: ЗАКИРДИН ЖОРОБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «МАНАС» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі іс-шараның себебі биыл Қазақстан халық ассамблеясының 30 жылдық мерей тойына қарата ол қатсымыздан көп іс-шара ұйымдастырып бүкіл этнобірлестіктер. Бұл турнирдың мақсаты әр бір ұлт этнокультурдық бейімденеді нығайту үшін ұйымдастырған турнир. Барлық қатысқандарына женіс болады. Барлық қатысқандарына алғыс айтып ризашылықты білдіреміз.

РКС: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. «Жеңіс бірлікте» спорттық платформасы тағы да спорттың түрлі ұлт пен мәдениетті біріктіріп, жастарды белсенді, шығармашыл әрі жасампаз өмір салтына ынталандыратынын айқын көрсетті.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ