ДИКТОР: Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлерінен құралған «Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» атты республикалық көшпелі көрме өз көрерменіне жол тартты. Көрменің ашылу салтанатында өңір тұрғындары Түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға – Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Тарих пен тағылым тоғысқан шара жайлы әріптесім Сәния Есімсейітова тарқатады.
РКС: «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының сирек әрі құнды жәдігерлерін жұртшылыққа таныстыру – көшпелі көрменің басты мақсаты. Экспозицияда Түркістан оазисі қалаларының тарихын айғақтайтын археологиялық табыстар, Шауғар мен Ясы қалаларынан табылған көне бұйымдар, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер ұсынылды. Көрме барысында Ясауи кесенесінің салыну тарихы мен онда сақталған бірегей мұралар жайлы да мол мағлұмат берілді.
СНХ: ДАНИЯР СӘДУАҚАСОВ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:/ Осы жерде біздің көрменің желісі алғашқы Яссауидың өмірбаянынан бастап құран оқыған іліміне дейін. +скл+Яссауидің шәкірттерінің еңбектерін алып келдік, ізбасарларының еңбектерін алып келдік. Және Яссауидың өзінің асарнама деген еңбегін алып келдік. Географиялық шығарма. Яссауидың сонау Әзірет Әлиден бастап таралатыны туралы шежіресі. Көрменің ішіндегі ең басты құнды ақпарат ол асарнама. Және Яссауидың түрлі әлем тілдеріне аударылған «Диуани Хикмет» кітабын алып келіп отырмыз. Сол кітаптардың арасында ағылшын тіліне аударылған «Диуани Хикмет» кітабы бар. Оның авторы Джонтан Трампман. Бұл көрме 1 ай тұрады. Бір айдың ішінде келіп рухани сусындауға болады.
РКС: Көрмеде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің негізгі қорынан алынған 90 құнды экспонат көпшілік назарына ұсынылды. Ашылу салтанатына қатысқан қоғам белсенділері мен мәдениет саласының өкілдері тарихи жәдігерлердің маңыздылығын атап өтіп, көрменің танымдық және тәрбиелік мәніне жоғары баға берді.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой-деп шырқаған Мағжан Түркістанның қасиетті көрмесі біздің елімізге келіп отырғандығы құтты болсын. Бұл Республика күні қарсаңында ашылғалы отырған көрме біздің ұлтымызға, біздің халқымызға,біздің тарихымызға үлкен сыйлық деп есептейміз. Сондықтан сендерге Түркістандықтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
РКС: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар алдағы уақытта ортақ ғылыми жобалар мен көрмелер ұйымдастыруды, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқылы музей ісін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр. Шара соңында қазақтың қара домбырасының қоңыр үнімен дәстүрлі әндер шырқалып, көрмеге келушілерге өткен мен бүгіннің байланысын терең сезіндірді.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ