ДИКТОР: Көкшетауда Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында бір топ сала өкілі марапатталды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Биыл Қазақстан егемендігі Декларациясының қабылданғанына 35 жыл. Осы уақыт аралығында еліміз айтарлықтай елеулі өзгерістерге қол жеткізді. Бұл жетістіктерге жету жолында аянбай еңбек еткен азаматтардың еңбегі ерен. Шара барысында өңірдің әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуына сүбелі үлес қосып, ел және қоғам мүддесі үшін аянбай еңбек еткен бір топ азамат мемлекеттік және ведомстволық наградамен марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Мәртебе биігінен көрінгендердің қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі сала өкілдері бар. Сондай-ақ жұмысшы мамандық иелері де ерекше құрметке бөленді.

 СНХ: ҚАРШЫҒА НЕГМЕТОВ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:

РКС: Шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов қатысушыларды мерекемен құттықтап, тарихи күннің маңыздылығына тоқталды. Ол Республика күні – халық бірлігінің, тәуелсіздік идеалдарына адалдықтың және Отанның өркендеуіне деген ұмтылыстың символы екенін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Мәртебелі меймандардың құрметіне кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ