ДИКТОР: Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері тыл ардагері Фаина Давыдованы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Салтанатты құрмет көрсету шарасы 90 жастағы ананың өзі тұратын шағын аудандағы үйдің ауласында өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Фаина Давыдова 1934 жылы мамырдың 12-де Ресейдің Амур облысындағы Благовещенск қаласында дүниеге келген. Мектепте оқып жүріп, жазғы каникул кезінде колхозға көктемгі егіс пен күзгі егін жинау жұмыстарына көмектескен. 10-сыныпты аяқтағаннан кейін Тельман бастауыш мектебінде балаларға сабақ бере бастаған. 1963 жылы Фаина Валентиновна отбасымен бірге Атбасар ауданына қоныс аударды. 15 жылдан астам қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек етті.

СНХ: МЕРГЕН АРҒЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті Фаина Валентиновна! Сізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, департамент басшылығының және өз атымнан шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегіңіз – нағыз ерліктің, табандылық пен патриотизмнің үлгісі. Сіз секілді тыл ардагерлерінің арқасында ел жүрегінде Жеңіс рухы, мақтаныш сезімі мен тарихқа деген тағзым мәңгі сақталады.

РКС: 5510 әскери бөлімі оркестрінің орындауында жауынгерлік жылдардың әндері шырқалды. Сонымен қатар Фаина Давыдованы №1 мекеме қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері де арнайы құттықтады.

СНХ: ЕСПЕМБЕТ ТҮБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ: Фаина Валентиновнаны мен білемін 79 жылдан бері. Міне биыл 47 жыл болады ол кісімен жұмыс істегенімізге. Ол кісінің еңбегі адал. Ол кісінің шешесі істеді, мен ол кісімен істедім. Бұл кісі қазір еңбек демалысқа шыққан адам. Енді біз ешқашан ол кісіні ұмытпаймыз.

РКС: Аудандық мәдениет үйінің әртістері де тыл ардагеріне рухани жылу мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында "Катюша" әні орындалды.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ