ДИКТОР: Теміржол - қауіпті аумақ, аса күрделі, қиын саланың бірі. Ал теміржолшы - мәртебелі, абыройлы мамандық. Қазақстан теміржолының дамуына бір кісідей үлес қосып, адал еңбек етіп жүрген жандар облыс аумағында өте көп. Зеренді ауданының тұрғындары Бекмағанбетовтар әулетінің теміржол саласындағы еңбек өтілі 1 ғасырға жуықтайды.
РКС: 8-ші өндірістік участок мастері - Қанат Бекмағанбетов шойынжолда 1982 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әкесі Балғымбек те теміржолда 42 жыл, анасы 30 жылдан аса жұмыс істеді. Теміржолшылар әулетінде туып өскен Қанаттың алғашқы еңбек жолы 19 разъезде басталды.
СНХ: ҚАНАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ТЕМІРЖОЛШЫ: Папам ДС болып істеді, мамам стрелочница болып істеді. Ағаларым, апаларым олар да істеді жұмыс. Апам ДС болып пенсияға кетті Астанадан. Балам істеп жатыр. Ол Бурабай станциясында істеп жатыр. Қазір шпал айырбастап жатырмыз, путьта тертый шпалдарды жб шпалға ауыстырып жатырмыз. Самый ауыр мына шпал айырбастау.
РКС: Жұмыстың қиындығы, ауырлығы сол жол жөндеушілер жыл мезгіліне қарамай үздіксіз еңбек етеді. Жаздың шіліңгір ыстығына, не толассыз жауынға қарамайды. Уақытты ұтымды пайдаланып, шойынжолды жылдам жөндеп үлгеру керек. Өйткені бұл жерден тәулігінен 20-дан аса поезд өтеді.
ИНТЕР ШУМ:
РКС: Кей кездері жолдың жарамдылығын тексеру үшін теміржолшылар күніне ондаған шақырым жол жаяу жүруге тура келеді. Бұл бригада осы маңдағы 30 шақырым шойын жолдың сапасына жауапты.
СНХ: ЖАНАТ СҰЛТАНГЕЛДИН, ЖАМАНТҰЗ УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: 270-280 кг. бір жб шпал соны ауыстырады. Қауіпті поезд жүрген араларында жұмыс істейміз. Пассажирский поездар расписаниемен өтеді, қалталарында поездың расписаниелері бар. Ал грузовой поездар кез-келген уақытта өте береді. скл. Осмотр деген бар, осмотр путей сол кезде осы жігіттер қарап, болттарын қарап шығады. Путьтардың, сол кезде жаяу жүреді.
РКС: Қанат Бекмағанбетов бірер жылда зейнетке шығады. Қазір еңбектің қыр сырын жастарға үйретуде.
СНХ: ЖАРЫЛҒАП ТАНҚАНҰЛЫ, ТЕМІРЖОЛШЫ: Осы жерде істеп жатқаныма бір жылдан аса уақыт болды. Қанат ағайдың қоластында бригадада жұмыс істейміз. Қанат ағай тәжірбиесімен бөлісіп жатыр. Жастарға ақылын айтып, қалай жұмыс істеу керектігін айтып жатыр. дән ризамыз. скл. Теміржол болған соң темірдей тәртіп керек, ауыры суықта жұмыс істейсің. Қауіптілігі асфальт жол емес, поезд бірден тоқтай алмайды. кемі 2 кмден қауіпсіздікті сақтаймыз. Сол жағы қиын әйтпесе жұмыс істеуге болады.
РКС: Саналы ғұмырын теміржолға арнаған еңбек адамы Қанат Балғымбекұлы мамандық таңдауымда қателеспедім, елдің өркендеуіне аз да болса септігін тисе менен бақытты жан жоқ,- дейді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ