ДИКТОР: Көкшетауда жасы 90-ға таяған әжейлер йогамен айналысуда. Аптасына 2-3 рет болатын жаттығуға тіпті аталар да қызығушылық білдіруде. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы түрлі үйірмелерге 700-ден аса адам қатысады. Оның 400-і йога, хореография мен фитнеске барады. Денсаулыққа пайдалы, әрі уақытты тиімді өткізетін қариялардың қызығушылығы жайында толығырақ келесі материалда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көкшетау қаласының тұрғыны Қағира Рахимова 50 жылға жуық білім беру саласында еңбек еткен. Ол белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған күннен бастап – осында. Бірнеше үйірмеге қатысады.
СНХ: ҚАҒИРА РАХИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен йогаға барамын. Хореография дей ма, фитнес дей ма барамын. Басында күнде бәріне қатыса бердім. Ойбай апа олай болмайды деді, мен айтамын мен натренированный адаммын деп. 16 жасымнан жаттығу жасаймын, көтере беремін 3 рет барсам да. Сосын маған шектеу қоймады. Күніне 2 үйірмеге қатысамын, түстен кейін хорға барамын. керемет енді, тек қолдарымен көрсетіп айтады. оның ішінде жаның береді, оны сен сезініп тұрасың.
РКС: Аз қозғалу, бұлшық етті жиі жаттықтырмау ерте қартаюға алып келеді. Үйде оңаша отырғанша, көппен бірге шынығу серпіліс береді,- дейді қариялар.
СНХ: ЖАРМҰХАМЕД СӘМЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жасым 81-де, осында келіп, вокалға қатысамын. хорға. Мен гимнастикаға келемін, жаттығу жасап неше түрлі қимыл жасаймыз.
СНХ: ЛИДИЯ ВАСИЛЬЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жасым 85-те, фитнеспен тұрақты түрде айналысамын. Көмегі тиіп жатыр. Жас кезімде ауыртып алған аяғымды жаттықтыру арқылы емдеп жүрмін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Белсенді өмір сүру орталығына келушілер саны күн санап молайып жатыр. Бір қызығы мұнда үйірменің 11 түрі болғанымен, егде адамдардың басым көпшілігі йога мен фитнесті таңдайды екен. Мәселен, бір күнде 6 топты қабылдайды. Орталықтың ашылғанына көп уақыт болған жоқ. Бірақ, келушілердің көбеюінен, орын жетпей қала ма деп алаңдаулымыз,-дейді мекеме басшылығы.
СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Егде адамдар зейнет жасынан келгенде ерекше бір қиналысқа түседі. Бұрын жұмыс істеп адамдармен қарым қатынас жасап, адамдар жеке бір жағдайда қалып қоятыны бар. Үйдің 4 бұрышына қарап қалатын жағдай бар. Көп адамдар келіп жатқанда осыны айтады. Бұл үйірме қарт адамдардың рухани сергектік үлкен бір орталығына айналып келе жатыр. Еліміздегі бірең сараң ғана облыстарында бар ғой. Көкшетауда ашылғаны үлкен бір жаңалық. скл Зейнет жасына шыққан адамдардың өздерінің уақыттарын сергек сауығу жағынан өткізуі жақсылықтың нышаны.
РКС: Қазір Көкшетау қаласы бойынша 30 мыңға жуық зейнеткер бар. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы күніне 150 адамды қабылдайды. Алдағы уақытта сұранысқа қарай үйірме санын арттыру да жоспарда бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ