1 қазан – қарттар күні
ДИКТОР: Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Ал Қазақстанда 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің бірі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Бұл – өмірдің талай белесінен өтіп, мол тәжірибе жинаған аға буынға құрмет көрсететін күн. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Қариғазы Қодарханұлы да – әулетінің ақылшысы, немерелерінің сүйікті атасы. Саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнаған қарияның өмір жолын тілшіміз Динара Нұрмұханова баяндайды.
РКС:Қариғазы Қодарханұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Он жылдық мектепті тәмамдап, медициналық институтта білім алған ол еңбек жолын өзі туған жердің Көкмойнақ бригадасының ауылдық амбулаториясында дәрігер болып бастайды. Кейін әскер қатарына шақырылып, Ұлан-Батырда үш жыл әскери міндетін өтейді. Әскери дәрігер ретінде қызмет етіп, капитан шеніне дейін көтеріледі. 1992 жылы отбасымен бірге тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударады.
СНХ: ҚАРИҒАЗЫ ҚОДАРХАНҰЛЫ, ҚАРИЯ: Одан кейін біз келгеннен кейін жергілікті жердің адамдары зерттейді ғой, маманы не, бұнымен не істеуге болады, қай жерге апарамыз, бұған енді жұмыс тауып беру керек деп. Содан маған келді, Уәлиханов районының главный дәрігері Есет Карпенович деген ағамыз, таныстық, сөйлестік, ал сен не істеп жатсың, әзірше жоқ, сені осындай-осындай жерге бар, жұмыс істе, дайын кадр екенсің, жатуға болмайды деді. Сонан «Қайрат» деген совхозға бардық, сельский врачебный амбулаторияға бардым. Сонда алты жыл жұмыс істедім. 99 жылы Бұланды ауданының бас дәрігері ауылда жұмыс бар, ауылға барып істесең деді. Содан Алтынды деген жерге бардық, сонда жұмыс істедім. 98 жылдан 19 жылға дейін жұмыс істедім, пенсияға сол жерден шықтым, пенсияға шыққасын да 4-5 жыл жұмыс істедім.
РКС:Бүгінде қазыналы қария жұбайы Күнекей Төлегенқызымен бірге зейнет демалысында. Екі ұл, төрт қызды тәрбиелеп өсірген ақсақал мен зайыбы қазір ұрпағының қызығын көріп отыр. Тоғыз немере мен он тоғыз жиеннің ортасында отырған кейіпкеріміз үшін әулетінің амандығы – басты қуаныш.
СНХ: КҮНЕКЕЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ЖҰБАЙЫ: Біз 78-жылы үйлендік. Бәрін оқыттым балаларымды. Университет бітірді высший образованиемен, екінші қыз да сонда оқыды, одан кейінгі ұлым аграрный университет бітірді. Кіші қызым Көкшетауда оқыды. Балаларым оқуын бітіре салғаннан кейін тұрмысқа шығатыны тұрмысқа шықты, үйленетіні үйленді ұлдар. Жақсы балалар. Солардың ортасында немере қарап отырмыз. 4,35 Немерелермен, балалармен тұрамыз.
РКС: Немерелері ұлттық аспаптың сан түрін меңгерген. Ал ата мен әже жайлы сөз қозғала қалса, әрқайсысы өз естелігін айтып, қариялардың тәрбиесі мен мейірімін жарыса әңгімелейді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: НҰРИЗА ҚАРИҒАЗЫ, НЕМЕРЕСІ: Менің әкем ата мен әженің бірінші баласы. Мен олардың тоже бірінші немерелерімін. Кішкентай кезімде жаз бойы ата мен апамен тұрдық, кеткенде кеткім келмейді деп жылайтынмын. 19 жылы көшкеннен кейін ауылға бармайтын болдық. Қазір бірге тұрамыз. Мен үшінші мектепте оқимын. 10-сыныпқа көштім. Менің ата мен апамен мақтана алатыным бұл олардың тілдік байлығы. Олардың арқасында ғана мен қазақша сөйлей аламын. Кішкентаймен бірге ата мен апамен жататынбыз. Нұрмұхамед кенжеміз атаның баласы, мен апаның қызымын.
РКС: Ақсақалдың елге оралғандағы арманы орындалды. Шаңырағында өзі қалаған қазақы тәрбие қалыптасып, салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ