Жаңа май зауыты тәулігіне 150 тонна өнім шығарады
ДИКТОР: Кеше Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Атбасар қаласындағы №1 мекемесінде жаңа май зауыты ашылды. Кәсіпорын сотталғандарды жұмыспен қамту жобасы аясында пайдалануға берілді. Зауыттың ашылу салтанатына тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Зауыт «ALTAN GROUP 2021» серіктестігінің қолдауымен ашылды. Жоба облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен, Атбасар ауданы прокуратурасының үйлестіруімен және «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жүзеге асырылды. Бүгінде кәсіпорында 100-ден астам жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта тағы 120 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
СНХ: ЭЛЬДАР ЖАРЫЛҚАСЫН, АТБАСАР АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысының сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмаларын іске асыру жеңберінде Атбасар ауданының прокуратурасы үйлестірумен қылмыстық-атқару жүйесінің №1 мекемесінде өндірістік қызметің кеңейту және қосымша жұмыс орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мекеме аумағында ағаш өңдеу, тігін өндірісі, метал өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы, өзге де бағыттағы қызмет атқаратын 12 кәсіптік субъектілер жұмыс істейді. Ірі жобалардың бірі «ALTAN GROUP 2021» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асырып жатқан күнбағыс және зығыр майын өндіретін май зауытын іске қосу жобасы.
РКС: Жоба аясында құны 400 миллион теңгеден асатын өндірістік жабдық сатып алынып, жеткізілді. Осы аптадан бастап зауыт тәулігіне 150 тонна шикізатты өңдей бастайды. Оның 60 тоннасы күнбағыс майын, 90 тоннасы күнжара өндіруге бағытталады. Жылына 49 мың 500 тонна шикізат өңделіп, 19 мың 800 тонна май және 29 мың 700 тонна күнжара өндіріледі.
СНХ: САМАТ МЕЙРАМОВ, «ALTAN GROUP 2021» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Өндіруі – 150 тонна тәулігіне өндіріледі. Одан 60 тонна нерафинаттық күнбағыс май шығарымда болады, одан кейін жмых дейтін. Ол 33 протеиннен жоғары шығады. Оның барлығы Қытай Халық Республикасына экспортқа жіберіледі. Инвестициялық қаражат – бұл Атбасар ауданынан 980 миллион теңге жұмсалды осы проектін жүзеге асыру үшін. Әрі қарай тағы да Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысынан күнбағыс шикізатын қабылдауымыз керек. Оған тағы да инвестициялық жобалар жоспарда. Оған дейін қазір 3 мың 500 тонна күнбағыс алынуда.
РКС: Кәсіпорын үшін шикізат базасын қалыптастыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Өндіріс көлемін арттыру үшін өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен байланыс орнатылып, жаңа жеткізу бағыттарын жолға қою көзделген. Бұл өз кезегінде зауыттың тұрақты жұмыс істеуіне және өндіріс ауқымын кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік береді.
СНХ: ДАРХАН МЫРЗАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жоба шеңберінде Алтан груп осы мекемеде өнеркәсіпті дамыту үшін 900 миллионға жуық инвестиция салынды. Бұл облыс бойынша ең үлкен инвесторлық жоба. Қазақстан бойынша ең ірі инвесторлық жобалардың бірі болып саналады. Қазіргі уақытта бұл өндірісте 140 сотталған жұмыспен қамтамасыз етілген. Алайда жақын арада жұмыспен қамтылуы 270 адамға дейін ұлғайту жоспарланған.
СНХ: ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ: Осында жұмыс істеп жүрмін, осы жерде оқып, мамандығымды меңгердім. Еңбекақы алып, оның бір бөлігін талап-арыз бойынша берешектерімді өтеуге жұмсаймын. Жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Жұмыс аса қиын емес, еңбек тәртібі де ыңғайлы, сегіз сағаттық ауысыммен жұмыс істейміз.
РКС: Кәсіпорынның өндірістік қуатын алдағы уақытта кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Келесі жылы кешенді кеңейтіп, тәулігіне 300 тоннаға дейін шикізат өңдеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар зауыт тазартылған және тазартылмаған май өнімдерін шығарып, ішкі және сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуді көздейді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ