Жастар бастамасы – өзгерістер энергиясы
ДИКТОР: Жастар бастамасы-өзгерістер энергиясы. Осындай атаумен Көкшетауда студенттер мен белсенді жастардың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараны «Әділет» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырды. Кездесу барысында білім беру, жұмыспен қамту, волонтерлік және жастардың өңірдің қоғамдық өміріне қатысу мәселелері талқыланды. Жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері мен креативті жобаларды практикалық тұрғыда қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
РКС: Студенттер үшін кездесу болашақта жұмысқа орналасу және кәсіби тәжірибеден өтуге қатысты нақты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Жастар профильді ұйымдардың өкілдеріне тікелей сауал қойып, өздерін толғандырған мәселелерді шешудің нақты жолдарын білді.
СНХ: АБЫЛАЙХАН РАХМАТУЛЛА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Алдағы уақытта студенттерге жұмысқа тұру мәселелері және сол оқып жүрген уақытта практикалық жұмыстарды қандай органдарға барып шешуге болады, атқаруға қызмет етуге болады деген сұрақтар қойылды. Және де сол сұрақтардың барлығына арнайы жеке орындар, органдар бар екенін білдім. Және де сол органдарда өзімнің алдағы уақыттарда керек сұрақтарымды одан басқа да мәселелерді шешіп ала алатындай бүкіл жауаптың барлығын қанағаттанарлық алдым.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастарға қажетті білім беріп қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру да маңызды. Кездесуде білімнің рөлі, жеке бастама және жастардың қоғамдық жобаларға қатысуы туралы сөз болды.
СНХ: РИЗАГҮЛ ГАЛАДИЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Бүгінгі іс-шарамыздың, кездесуіміздің мақсаты ең алдымен жастарға білімнің маңыздылығын, сондай-ақ адамның тек өз қызметінде ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді ұстанымда болуының маңызын жеткізу. Сондықтан бүгін «Әділет» партиясының қолдауымен жастарға құнды ақпарат беріп, өмірлік тәжірибемізбен бөлісуге тырыстық.
РКС: Ашық диалогпен қатар, қатысушыларға практикалық кейстер мен жастар бастамаларының нақты мысалдары ұсынылды. Волонтерлік қызметке, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастарға пікірлес адамдарын табуға, қажетті қолдауға ие болуға және өңірдің қоғамдық өміріне белсендірек араласуға мүмкіндік береді деп отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ