Негізгі Жаңалықтар Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...


ДИКТОР: Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында алғаш рет «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс өтті. Сөз сайысына 9 аудан мен Көкшетау қаласынан 80-нен астам мемлекеттік қызметші жиналып, 25 команда өзара бақ сынады. Мемлекеттік қызметшілердің шешендік шеберлігі мен ұшқыр ойы таразыға түсетін тартысты дебаттың барысымен тілшіміз танысып қайтты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Пікірсайыс халықаралық формат негізінде өтті. Додада Үкімет пен Оппозициядан жасақталған қос команда өз ұстанымдарын қорғап, әр тараптан 3 спикерден сөз сөйледі. Әр спикерге 8 минутқа дейін уақыт беріліп, қатысушылар өз дәлелдерін ұсынып қана қоймай, қарсы тараптың уәждеріне де жауап берді. Осылайша, ой ұшқырлығы, шешендік шеберлік, логикалық пайым мен дәлелді пікір сынға түсті. 

СНХ: ЖАРЫЛҚАСЫН ҚУАТХАН, ДЕБАТҚА ҚАТЫСУШЫ: (ШОРТАНДЫ): Бүгінгі дебатқа Шортанды ауданынан 3 қатысушы қатысып отырмыз. Оның бірі Бекежан мырза Ауыл шаруашылық және жер қатынастары саласында және Аяна ханым аудан орталығының Шортанды кентінің бас маманы. Бірінші турда жақсы ойын болды. 

СНХ: ТАБИҒАТ ТӨЛЕГЕН, ДЕБАТҚА ҚАТЫСУШЫ: (ЖАРҚАЙЫҢ): Пікірсайыстың мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа тәуелді болмауы және қазіргі таңда қоғамда жасанды интеллект бойынша, цифрландыру жақсы дамыту мақсатында, тәжіребие алмасу мақсатында өткізілген болатын. Осындай пікір сайыстар әрі қарай жалғасын тапқанын қалаймыз. 

РКС: Ойын барысы мен қатысушылардың татымды ойына 10-ға жуық төреші баға берді. Соның бірі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті Шұғыла Мұратбек.

СНХ: ШҰҒЫЛА МҰРАТБЕК, ТӨРЕШІ: Ойын қорыитындысы жаман емес, қте жақсы деп те айтуға болады. Барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде өз өнерлерін көрсетіп жатыр. деңгейлері жаман емес. Дебатқа бірінші рет қатысып жатқандар да бар. Бірақ өз ойларын еркін, қысылмай ашық білдіріп жатқандарына біз өте қуаныштымыз. Ішінде жақсы идеялар, мемлекеттік жақсартуға деген, жақсы мәселелер көтеріліп жатыр. 

РКС: Пікірсайыста топ жарған жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталып, үздіктер марапат қатарынан көрінді. Сонымен қатар қатысушылар арасынан мемлекеттік тілдің қадірін ұлықтап, пікірсайыста ерекше белсенділік танытқандарға «Тіл жанашыры» және «Үздік спикер» номинациялары берілді. Осылайша, сөз додасы мемлекеттік қызметшілердің білім-білігін ғана емес, ой еркіндігі мен шешендік шеберлігін де саралаған тағылымды алаңға айналды. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу