Негізгі Жаңалықтар ҚР денсаулық сақтау министрінің Ақмола облысына жұмыс сапары

ҚР денсаулық сақтау министрінің Ақмола облысына жұмыс сапары


ДИКТОР: Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Ведомство басшысы өңірдің бірқатар медициналық нысанын аралады. Көкшетауда облыс әкімі Марат Ахметжановпен бірге министр жаңадан салынып жатқан облыстық көпсалалы аурухананың құрылыс барысымен танысты.

РКС: Бүгінде нысан 70 процент дайын. Мекеме 630 орынға шақталған. Аурухана құрамында әрқайсысы 120 орындық онкологиялық және перинаталды блок, 19 операциялық бөлімшесі бар хирургиялық блок, 63 төсектік күндізгі стационар, сондай-ақ бір ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық қарастырылған. Медициналық кешен заманауи диагностикалық техникамен жабдықталады. Мұнда үш компьютерлік томограф, магниттік өрісі бар МРТ стандартты аппараттардан екі есе күшті және үш ангиограф орнатылады. Нысанды пайдалануға бергеннен кейін мұнда бір жарым мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 

СНХ: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Енді бүгінгі таңда осы аурухана негізі, біріншіден, біздің тұрғылықты жердегі тұрып жатқан азаматтарымызға толыққанды көмекті жоғары деңгейде көрсетуге бағытталған, екіншіден, медициналық туризмді дамытуға бұл аурухананың өзінің енді. Ерекше үлесі болады деп біз есептеп отырмыз, енді тиісті осы әкімшілікпенен бүгінгі таңда жұмысты атқарып жатырмыз, бұл бағытта да. 

РКС: Одан кейін денсаулық сақтау министрі Атбасар қаласындағы ауданаралық көпсалаллы ауруханасында болды. Мекеме бес ауданның тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Күрделі жөндеуден кейін төсек-орын қоры 154-тен 172-ге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, аурухана заманауи жабдықтар - компьютерлік томограф, маммограф және ангиограф алды.

СНХ: САМАТ ИСЛАМОВ, АТБАСАР АУДАНАРАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Қазір біз жіті коронарлық синдром, инфаркт, ұйқы артериялары сияқты оталарды жасаймыз. Ми аневризмасы бойынша осындай операциялар енгізіле бастады. Сондай-ақ периферияда - бұл аяқ. Егер бұл аппарат болмаса, аяқ-қолды кесуге тура келетін жағдайлар болатын. Қазіргі уақытта біздің дәрігерлер аяқты кесіп тастамай, жан жақты тексеретін мүмкіндіктері бар. Мидың аневризмасы - бұрын ол республикалық және облыстық деңгейде болатын, қазір ол осында жасалуда. 

РКС: Аурухананың балалар бөлімшесінде болған Ақмарал Әлназарова аналармен кездесті. 

ИНТЕРШУМ: 

- Это как раз для вашего богатыря. Как назвали?

-Максим.

- Красивое имя.

- Девочки, у нас всё делается для того, чтобы мамы в безопасности могли рожать. Я так понимаю, что беременность у вас всех хорошо протекала, раз вы здесь.

РКС: Өткен жылы перзентхана күрделі жөнделді. Бір айда орта есеппен 30-ға жуық нәресте өмірге келеді. Оларға 6 акушер-гинеколог, 7 акушер және 6 медбике көмек көрсетеді. Жергілікті тұрғын Надежда Ильчук осымен үшінші рет ана атанды. Сәбиін кесар тілігінің көмегімен өмірге әкелген ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. 

СНХ: НАДЕЖДА ИЛЬЧУК, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ұжым қызметкерлеріне алғыс айтамын, түсіндіріп, жанымда болып, көмектесті. Басында қиын болды. Қазір денсаулығым біртіндеп қалпына келіп жатыр. 

РКС: Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр өңірдің медициналық жүйесі жоспарлы түрде дамып, жаңғыртылып келе жатқанын атап өтті. Атбасар ауруханасының жұмысы және онда көрсетілетін көмек спектрінің кеңеюіне тоқталды. 

СНХ: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Екі сағаттан аса уақыт бұрын облыс орталығына барған көмек бүгін осы жерде қолжетімді. Бүгін жас мамандардың үлкен пулы Астана, Алматы қалаларынан, Қазақстанның басқа қалаларынан келді. Бүгін өте жақсы команда жиналды. Компьютерлік томограф та, ангиограф та жұмыс істейді, осы қызметтерге тиісті қаржы бөлінеді. Сондықтан бұл мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырманың нәтижесі.

РКС: Сапар соңында Денсаулық сақтау министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жергілікті тұрғындар министрге толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Сондай-ақ кәсіби еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар медицина қызметкері мен сала ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды.  

ИНТЕРШУМ: 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу