ДИКТОР: Өңірде жыл басынан бері 400 адам мас күйінде көлікке отырған. Олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-ші бабы бойынша жауапқа тартылады.
РКС: Жыл басынан бері Көкшетаудың өзінде ғана 120 азамат мас күйінде көлік тізгіндеген. Тәртіп сақшылары ішімдікке тойып алған жүргізушілер негізінен түнгі уақытта көлік жүргізетінін айтуда. Олар бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұндай жүргізушілер көліктің жарығын сөндіріп жүреді. Патрульді көргенде жолда қауіпті маневрлер жасайды. Азаматтар «102» желісіне қоңырау шалып, мас жүргізушілерді тіркеуге көмектеседі. Кейін бейнебақылау камералары арқылы бұзушы орнатылып, оған полицейлер жіберіледі.
СНХ: ЕРБАҚЫТ ЖҰМАЖАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Жүргізушіні тоқтатып, алкоголь иісіне тексереміз. Иіс болған жағдайда жүргізушіні медициналық куәландыруға облыстық наркологиялық диспансерге жеткіземіз, онда дәрігерлер масаңдық дәрежесін анықтайды. Кейін жүргізушіні көлік басқарудан шеттетеміз, көлікті арнайы тұраққа жеткіземіз. Факті бойынша материал жиналады.
РКС: Заңнамада мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Десе де, Көкшетауда жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 11 адам қайтадан рульге отырған.
СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Егер жүргізуші куәлігінен айырылған мерзімде ол рульге қайта отырса, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады, онда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
РКС: Облыс бойынша осындай 24 факті анықталды. Аталған бап бойынша ең ауыр жаза 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұдан бөлек, заңды осылай белден басқандар өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан да айырылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ