ДИКТОР: Бюджет қаражатының ашықтығы мен оның жұмсаудың тиімділігі енді «Цифрлық теңге» жобасы арқылы бақыланады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп, «ақшаны бояу» тетігін әзірледі. Пилоттық жоба ретінде Атбасар ауданы таңдалды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінді.
РКС: «Ақшаны бояу» механизмі әрбір қаржының номиналына бірегей цифрлық белгі қойылады. Осылайша, мемлекет берген әр тиынның жұмсалуына барлық кезеңде бақылап отыруға мүмкіндік қарастырылып отыр. Берілген күннен бастап, толық игерілгенге дейін бақылауда болады. Механизмді нақты пайдалану үшін теміржол құрылысы мен ауыл шаруашылығы саласы айқындалды.
СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Ақшаны бояу» тетігі арқылы шаруалар ірі қара мал сатып алды, және бұл қаражат толықтай бақыланды. Ірі қара мал мал шаруашылығының ақпараттық жүйе орталығына берілген соң және сатып алушыларға қайта тіркелгеннен кейін барып қана сатушылар боялған ақшаны алды.
РКС: Цифрлық теңгеге негізделген платформа азаматтарға бағдарламаға онлайн өтініш беру мүмкіндігін ұсынады. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді пайдалануға жол ашады.
СНХ: БІРЖАН ЕЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 100 млн тенге 12 микрокредит берілді. Оған үлкен ІҚМ 148 бас, ұсақ мал 131, бас және де жылқы 12 бас.
РКС: Десе де, жоба әлі де жетілдіруді талап етеді. Ауыл рашуалышы басқармасының мамандары осылай деп отыр. Өйткені, кейбір нарық қатысушыларының тарапынан сенімсіздік байқалады. Жаңа технологияны қабылдауда сатушылар, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында қиындық туындап отыр. Көпшілігі цифрлық платформа арқылы төлем қабылдауға дайын емес. Өйткені, қаржы кейде екі аптаға дейін кешіктірілетін көрінеді. Соның салдарынан бағдарламаға қатысуға құлықсыздық байқалады.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.