ДИКТОР: Бурабайда өткен төртінші Ұлттық Құрылтайда салық реформасы тақырыбы ең көп талқыланған мәселенің бірі. Мемлекет басшысы салық жүйесі елдің экономикалық тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Бюджеттік қаржыландыру толық болмайынша мемлекет өз функцияларын, соның ішінде азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толық орындай алмайды.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ қолданыстағы салық режимдері елді салықтың оффшорлық түріне айналдырғанын атап өтті. Нәтижесінде, адал кәсіпкерлер заңнамадағы олқылықтардың салдарынан салық жүктемесін азайтатындармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі төмен.
СНХ: КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: В Казахстане действуют различные налоговые режимы, многочисленные льготы и преференции, они сформировали в стране подобие налогового офшора - это факт. Появились две основные группы предпринимателей – те, кто, пользуясь лазейками в законодательстве, смогли уменьшить для себя налогооблагаемую базу, и те, кто добросовестно выплачивает все налоги. И вторая группа предпринимателей, естественно, оказалась менее конкурентоспособной.
РКС: Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда екі миллионнан аса салық төлеуші тіркелген. Азаматтардың салық төлеуден жалтару мәселесіне ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың 21 наурызындағы жағдай бойынша облыста 4 мыңнан аса заңды тұлға салық міндеттемелерін орындамаған. Қарыздың жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асқан.
СНХ: АЙНУР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Салық кодексінің 121-бабы 2-тармағына сәйкес, мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейін салық берешегі өтелмеген жағдайда тәуекел дәрежесі орташа немесе жоғары санатқа жатқызылған салық төлеушілерге салық берешегін өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Салық берешегі ерікті түрде өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары мынадай тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады: ол банктік шоттардағы ақша қаражатынан, дебиторлардың шоттарынан, билік етуі шектелген мүлікті сату арқылы, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде болады./
РКС: Сарапшылар мұндай шаралар бизнес қауымдастығына оң әсерін тигізіп, заңды тұлғаларды салықтық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарауға ынталандыратынын атап өтті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ