ДИКТОР: Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы әлеуетінің маңыздылығына тоқталды. Өңірде аграрлық секторды дамыту жөніндегі шаралар белсенді іске асырылып, жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, 2023 жылы іске қосылған "Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы аграршыларға бизнесті ашуға және дамытуға мүмкіндік береді.
РКС: "Ауыл аманаты "Қуатты өңірлер - қуатты ел" ұлттық жобасының құрамына кіретін бірегей бағдарлама. Кәсіпкерлікті, әсіресе мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелер беру арқылы ауылды жерлер мен шағын қала тұрғындарын қолдауға бағытталған. Мәселен, соңғы екі жылда осы бастаманы іске асыруға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді.
СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2023 жылы бөлінген 1 млрд. 200 млн. теңге есебінен 198 жеңілдетілген шағын несие беріліп, қосымша 262 жаңа жұмыс орны құрылды. Айта кету керек, берілген несиелік қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 930 млн. теңге немесе 154 несие, мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Нәтижесінде, 3,2 мың бас ауыл шаруашылығы және 3,3 мың бас құс сатып алынды. 2024 жылы бұл сома 1,8 млрд. теңге қарастырылды. Оның есебінен 308 шағын несие беру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл 326 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл ақшаны былтырғы жылы желтоқсан айында алғандықтан, бұл ақша осы жылдың соңына дейін игерілетін болады.
РКС: Қазірдің өзінде 2,4 миллиард теңгеге 275 өтінім тіркелген. Соның 49-ы 395 миллион теңгенің шағын несиесін алып үлгерген. Мамандардың айтуынша, ауыл жерлердің тұрғындары қолданыстағы бизнес-жобаларды ұлғайтуға және жаңасын ашуға «қолжетімді несиелерді» алу мүмкіндігін пайдалана алады.
ТЕКСТ+ИНФОГРАФИКА: Несие 2,5 проценттік жылдық үстемемен 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Мал шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейін. Займның шекті сомасы 2,5 мың есептік айлық көрсеткіш. Ал ауыл шаруашылығы кооперативін дамытуға 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін несие беріледі. Бағдарламаға зейнет жасына жетпей жұмыстан қысқарып қалғандар, жұмыссыздар қатыса алады. Сонымен қатар отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті өздігінен жүзеге асыратындар, күнкөрістің төменгі мөлшерінен аз табысы бар өндірістік кооперативтің мүшелері, кәсібін енді бастағандар мен кәсіпкерлер де өтінім берсе болады.
ИНФОГРАФИКА:
Базалық мөлшерлеме – 2,5% жылдық;
Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін;
Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін;
Займның шекті сомасы – 2,5 мың АЕК дейін.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін— до 8 мың АЕК дейін.
БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ:
– Жұмыссыздар;
– Зейнет жасына жетпей жұмыстан қысқарып қалғандар;
– Отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті өздігінен жүзеге асыратындар;
– күнкөрістің төменгі мөлшерінен аз табысы бар өндірістік кооперативтің мүшелері;
– кәсібін енді бастағандар мен кәсіпкерлер.
РКС: Биыл жаңа шағын несие беруге және 40-ден астам жұмыс орнын құруға 2,5 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы алғанда бағдарламаның жүзеге асырылатын 3 жылында аймақта 1 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылып, 900-ге жуық шағын несие берілмек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ