ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бұл жолғы жәрмеңкеге 100 мың данадан астам жұмыртқа, 30 тонна ет, 16 тонна көкөніс, 2,5 мың литрден астам май әкелді. Өткен демалыс күндері Көкшетауда жыл басталғалы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына нарықтағыдан 10-15 процент төмен бағамен 82 тоннаға жуық өнім ұсынылды.

РКС: Жәрмеңке сөрелерінде тауардың 70-тен астам түрі бар. Ет және сүт өнімдері, бал, ұн, балық, көкөністер, жарма, кондитерлік өнімдер және басқа да тауарларды облыстың түкпір-түкпірінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатылымға шығарды. Жәрмеңкеге Степногорск және Көкшетау қалалары, өңірдің бірқатар ауданы мен "Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қатысты.

СНХ: АЛМАС ТӘУЕКЕЛ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Біздің өнімдер – ет өнімдері, шұжық өнімдері, өзіміздің Ақмола облысында шағырылатын өнімдер. Әлбетте түрлі жәрменкелерге ат салысуға өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз. Бірінші, адамдарға қолжетімді бағамен ұсынуға тырысамыз.

РКС: Қала тұрғындары үшін мұндай іс-шара дәстүрге айналған. Жәрмеңкеге көпшілігі отбасымен келеді. Балалар жанды әуендегі мерекелік концертті тамашалап мәз. Ал ересектер павильондарды еркін аралап, бағаны салыстыра отырып, көңіліне қонымды азық-түлікті сатып алуға жанталасты.

СНХ: АЛТЫНШАШ ШОҚЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Наурыз мейрамы жалғасып, қандай жақсы жақсы шаралар өтті.Енді ақырғы күндерде осындай азық-түлік жәрменкесін өткізгені өте жақсы болды. Қаланың адамдары келіп, көңілдерін көтеріп, алатындарын арзан бағамен алып рахаттанып отыр. Өте тамаш. Ет аламыз, май аламыз, керек жарақты аламыз.

РКС: Жәрмеңке күні қала тұрғындарына өңір басшысы Марат Ахметжанов та қосылды. Облыс әкімі сауда павильондарына барып, сатушылармен және тұтынушылармен жүздесті. Аймақ басшысы биылғы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі Ораза Айт қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті. Алаңда волонтерлер тобы да кезекшілік етті. 15 белсенді қала тұрғындарына ауыр пакеттерді жеткізуге көмектесті. Әсіресе, қарт адамдар волонтерлердің еңбегіне ризашылықтарын білдіріп жатты. Аудандар мен "Көкшетау" мәдениет Сарайының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге келушілерге ән мен жырдан шашу шашып, көңілдерін көтерді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да өткізіледі. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – шаруаларды қолдау және тұтынушыларға сапалы, әрі табиғи өнімдерге арзан бағада қол жеткізуге мүмкіндік беру.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ