ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының бірқатар құрылыс алаңында болып, маңызды нысандарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ірі әлеуметтік жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
РКС: Көкшетауда бір мың орынға шақталған жаңа көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр. Екі қабатты, функционалды жертөле қабаты бар ғимарат болмақ. Бүгінде сыртқы инженерлік желілері бойынша жұмыстар аяқталды. Металл қондырғыларын монтаждау және жертөле қабатының қабырғаларын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Әлеуметтік нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
ИНТЕРШУМ: Проводятся работы по возведению каркаса, также ведется заполнение проемов кирпичной кладкой. Основной объем в подвале, кирпичной кладки. Потом металлоконструкция на первом и втором этаже. Далее по основным материалам, планируем поставку оборудования, по мебели.
РКС: Өңір үшін стратегиялық маңызды нысанның тағы бірі — 630 орындық көпсалалы облыстық аурухананың құрылысы. Медициналық орталық облыс тұрғындары мен жақын елді-мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бермек. Бүгінде жер қазу жұмыстары аяқталып, ғимараттың іргетасы қаланып жатыр. Негізгі құрылыс жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан соң қыста ішкі әрлеу жұмыстары жалғасады.
СНХ: ИГОРЬ РОСТИХИН, ЖОБАНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. Қазір бірінші кезең бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оған кеңсе ғимараты, асхана, дүкен, кір жуатын орын, жалпы алғанда, адамдар барлық қажетті тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз етіледі. Бастапқы кезеңге жер және су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар кіреді. Бұл аумақ негізінен батпақты. Қазір жерді тегістедік. Қазір қажетті техника жұмыс істеп жатыр.
РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы 500 орынға шақталған мектеп құрылысының барысын тексерді. Қазір мұнда іргетасы қаланып, сыртқы инженерлік желілердің құрылысы аяқталып қалған. Білім ошағы 1-ші қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын болады.
СНХ: ТАЛҒАТ ХАМИТОВ, ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ: Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Қазандық та, жабдықтар да сатып алынды. Шатырын жабуға қажетті материалдар да жеткізілді. Бір аптаның ішінде 1-ші қабатты аяқтап, сәуір айының соңына қарай 2-ші қабатқа дейінкөтереміз деп отырмыз. Ал қалған бөлігін мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз.
РКС: Аймақ басшысының жеке қабылдауында болған кезде тұрғындар мектепке баратын жолға қатысты шағым түсірген еді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов бұл мәселені де назардан тыс қалдырмады. Қазір мердігер ұйым жолдың барлық учаскесінде ірі түйіршікті асфальтбетонның төменгі қабатын төсеп, нөсер жаңбырдың суына арналған арықтар орнатқан. «АБК-Автодор» серіктестігінің учаске бастығы Николай Метрофанов жол салу жұмыстарын екі апта ішінде аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.
ИНТЕРШУМ: Владимир Захарович, давай нақты айт, қашан бұл болады, қашан бітеді?
-Бірінші сәуірден бастап «BI Group» кіріседі, мына мектепке, жанағы Интегро салған мектепке. Осы черноволй отделкалармен істелінген. Биыл асфальтпен қамтамасыз етеміз. Қазір мына парковканы, жаңағы жалоба түсіп жатқан жерлерді олар жасап жатыр. Мектеп басталатын кезде олар дайын боп тұрады.
- Мына проезден бастаймыз, өйткені мында мектеп, мында адамдар жүреді. Мына екінші проезді бітіреміз, сосын мына бірінші проезге кірісеміз.
-Николай Валерьевич, мына мен өткенде айттым ғой. Маған қабылдауға ата-аналар келіп, осы балаларға қолайсыз жағдай бұл жер, саз-батпақ деп жатыр .Сондықтан енді өткенде сіздерге де айттым, сіздер айттыңыздар қысты күні жасауға болмайды, сапасы болмайды деп. Енді мұны қашан бітіресіздер сіздер?
- Мына парковканың алдын ба,осы екі айда бітіреміз. Мына жерді уже бастады, осы 2-3 күнде бітіреді. Лай болмайды.
- Лай болмайды, иә, балаларға барып, қауіпсіздік бір, таза жолмен барады сабаққа ,, солай кепілдік бересіз, иә?
-Иә, беремін.
-Владимир Захарұлы, сен қалай бақылайсың?
-Бақылауда, жалоба түскен кезде барып келеміз, күнделікті бақылауда.
РКС: Бұдан соң Марат Ахметжанов Быковский көшесіндегі реновация бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексерді. 231 пәтерлік тұрғын үй кешенін қазан айының соңында жалға беру жоспарлануда.
ИНТЕРШУМ: Вы когда завершите работы? – 15 июля. Полностью закончим коробку и дальше будут кровельные работы. – Кровельные работы и благоустройство. Дом когда сдадим? – До конца ноября.
РКС: Облыс әкімі Саин көшесіндегі үйлерге барып, жақын маңдағы баспаналардың тұрғындарымен әңгімелесті. Марат Ахметжанов Вернадский көшесінде орналасқан 11 апатты үйді аралады. Алдағы уақытта бұл нысан да ренновация бағдарламасына ілігеді. Оның орнында тұрақ аймағы бар жаңа тұрғын үй кешені, коммерциялық нысандар бой көтереді. Қазіргі уақытта құжаттама мен есептік деректер дайындалуда.
ИНТЕРШУМ: Что Вы думаете по поводу переселения? – Я с дорогим удовольствием, хоть сейчас! Я согласна ребята на все, лишь бы новая квартира. – Осенью будет построено, квадрат на квадрат будем смотреть ваши дома. – Спасибо. Дай Бог вам здоровья и нам.
РКС: Марат Ахметжанов жұмыс қарқынын бағалап, нысандардың аяқталуын жеделдетуді тапсырды. «Салынып болған дайын үйлерді халық үшін сатып аламыз. Бірте-бірте бірнеше жыл ішінде ескі үйлердің тұрғындары жайлы жаңа баспанаға қоныстануы тиіс», - деді Марат Ахметжанов. Айта кетейік, Бурабай ауданында және Көкшетау қаласында ренновация бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ