ДИКТОР:Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Біржан сал ауданы әкімінің орынбасарына қатысты мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.
РКС:Кеңес мүшелері алдымен мемлекеттік қызметші тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылықтар бойынша екі тәртіптік істі қарады. Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Есдәулет Қаленовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып,қызметтік көлікпен 92 рет ауданаумағынан тысқары жолға шыққан. Жиын барысында қызметтік автокөлікті тіптен мереке және жексенбі күндері де қолданған. Ешқандай қабылдау-тапсыру актісінің болмағаны анықталды.
СНХ:ӘНУАР ОМАРОВ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХАТШЫСЫ: Бұл ретте аталған кезеңде 119 іссапар актісі болған. Өзге 73 дерек бойынша акт жоқ және тапсырылмаған. Оның 22-сі демалыс және мереке күндері болған. Демек, 22 жағдайда қызметтік автокөлік жұмыстан тыс мақсатта демалыс және мереке күндері пайдаланылған. Одан 10 рет Көкшетау қаласына, 1 рет Астанаға және бір рет Петропавл қаласына жолдама бойынша шыққан. Сондықтан қызметтік автокөліктің түнгі уақытта да шығу жағдайы орын алды.
РКС:Мемлекеттік қызметші ең алдымен халыққа адал қызмет етуі тиіс. Әдеп нормалары — тек қағаз жүзіндегі ереже емес, бұл – күнделікті ұстаным болуы тиіс. Дегенмен мемлекеттік қызметші ретінде тәртіпті бұзғанын, әдепке сәйкес келмейтін әрекеттер қызметті атқару барысында болғанын өзі де мойындады.
СНХ: ЕСДӘУЛЕТ ҚАЛЕНОВ, БІРЖАН САЛАУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Отбасым Көкшетау қаласында тұрады, демалыс күндері осында келемін. Жеке көлігім жоқ, сол себепті әрі-бері жүруім керек. Сондықтан осындай жағдай орын алды. Негізсіз болған шығуларға қатысты 72 рет деп көрсетілген, менің демалыс күндерім Көкшетау қаласына баратынымнан түсінікті. Түнгі сапарларға қатысты екінші мәселе бойынша тоқталсам. Мұның бәрі қызметтік мақсатта болды, өйткені мен әкімдіктерге, басқармаларға жиі барамын. Өйткені бюджетпен айналысу керек болды, Біржан Сал ауданы аса бай өңір емес, сондықтан қандай да бір шеңберден шығып, бюджетті есептемей жүруге тура келді.
РКС:Жиын соңында кеңес мүшелері мемлекеттік органдарда профилактикалық шараларды күшейту және қызметтік әдепті сақтау бойынша нақты ұсыныстар қабылдады.Әдеп жөніндегі кеңестің мұндай отырыстары мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.Жиын соңында Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Есдәулет Қаленовке лауазымын төмендету туралы шешім шығарылды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ