ДИКТОР: Көкшетаудағы белсенді өмір сүру орталығының ашылғанына 3 ай толуына орай "Шабытым шалқар, жасым байлығым" атты кеш болып өтті. Онда орталыққа келіп жүрген зейнеткерлердің шығармашылығы таныстырылды.
РКС: Көкшетау қаласында осыдан 3 ай бұрын белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, мұнда күніне 150 адамды қабылдайды. Үйірменің бірнеше түріне 700-ден аса адам келуде. Орталықтың ашылғаны біз үшін үлкен қуаныш, жиі басқосып, уақытымызды спортпен, шығармашылықпен өткізуге таптырмас орын дейді зейнеткерлер.
СНХ: СҰЛУШАШ ЕРБАТЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көрермендерге өте ұнады, осы орталықтың ашылуына үлкен еңбегі сіңген облыс әкімі Марат Мұратұлына үлкен алғысымызды айтамыз. Осы орталықта қызмет істеп жүрген әкімшілікке, жетекшілерге ризашылығымызды білдіреміз. Зейнеткерлердің атынан өз атымнан.Шығармашылықтары жасай берсін.
РКС: "Шабытым шалқар, жасым байлығым" атты шығармашылық кеште зейнеткерлер сахнаға шығып өнер көрсетті.
ест.шум:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КӨКШЕ АҚПАРАТ