ДИКТОР: Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар аясында Ассамблея қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша Журналистер клубының негізгі міндеттері талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу өтті.
РКС: Жиын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды. Журналистер клубының мүшелері кәсіби мерекені қоғамдық маңызы зор мәселелерді талқылаудан бастады. Жиын барысында Ассамблея тақырыбын ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттаудың өзектілігі атап өтілді. Сондай-ақ, клуб мүшелерінің атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасу өтті.
СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біріншісі жуырда ғана 34-ші сессияда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев журналисттік клубтарына, журналисттерге осы этносаралық қатынастарға освещение жасау туралы бағыт берген еді. Соның қарсаңында жиналыс өткізіп, өзімізге әрі қарай қалай жұмыс жасау керек екенін келісіп, ақылдаса отыра, бағыт бағдар дайындадық. Екіншіден, бүгінгі күні журналисттер мүшелеріне кішігірім марапат табыстау болды.
РКС: Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында клубтың белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ВЕРОНИКА БУРДА, ОБЛЫСТЫҚ «АКМОЛИНСКАЯ ПРАВДА» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ: Бұл естен кетпес сәттер жадымызда мәңгі сақталады. Бізге көрсетілген ықылас пен еңбегімізге берілген жоғары баға үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Бұл бізге жаңа серпін мен шабыт береді. Біз өңірімізде болып жатқан маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, ақпараттық қолдау көрсетеміз. Ассамблея тақырыбы – біздің аймақ үшін аса маңызды. Біз Ақмола облысында әрдайым бейбітшілік, келісім мен тұрақты даму орнайды деп сенеміз.
РКС: Жиын соңында ерекше көңіл-күй сыйлаған музыкалық қойылым орындалып, қатысушыларға рухани серпін мен жағымды әсер сыйлады. Мұндай шығармашылық тарту шараның мазмұнын толықтырып, мерекелік мән берді.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ