ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көкшетаудағы облыстық филармонияның сахнасында "Екі жұлдыз" шығармашылық жобасы өтті. Жобада түрлі салаларда табанды еңбек етіп жүрген жұмысшылар филармонияның кәсіби солистерімен жұптасып, эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Әріптесім Сәния Есімсейітова баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қатысушыларға рухани қолдау білдіруге келген тыңдармандардың ықыласы мен қошеметі залда ерекше атмосфера қалыптастырды. Филармония қызметкерлерінің айтуынша, бұл жоба - өнер мен еңбектің тоғысқан, эмоция мен шабытқа толы кеші ретінде әрбір қатысушы мен көрерменнің жадында ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.
СНХ: ТАТЬЯНА КИРЬЯНОВА, ЖҮРГІЗУШІ: Біздің жұмысшы мамандықтар жылына арнайы құрылған ерекше жобамыз басталады. Жобаның атауы - «Екі жұлдыз». Бүгін біз зауыттар мен кәсіпорындардың қызметкерлерімен бірге музыкалық шығармаларды орындайтынымызға қуаныштымыз. Бұл ерекше шоу болады, себебі қарапайым адамдардың оркестрдің сүйемелдеуімен осындай музыкалық жобада қатысуы - бұл нағыз шоу, бұл үлкен оқиға.
РКС: Шараға Көкшетау қаласындағы «Алтынтау Көкшетау», «Enki Plus», «Көкшетау Жолдары» және «Қазақстан темір жолы» сияқты ірі кәсіпорындардан іріктелген төрт қызметкер қатысты. Олар облыстық филармонияның кәсіби әртістерімен жұптасып, эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ән орындады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АРЛАН МАШРАНОВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ: Үкілі Ыбырай филормониясына осы жобаға жіберген «Алтынтау Көкшетауға» үлкен рахмет. Осы жобаға міне келіп, қуанып, бір арманымызды орындап жатырмыз. Өтіп жатқан концертіміз өте жақсы, өзімізге қатты ұнады. Қолдап келген ұжымдастарға үлкен рахмет. Барша көрерменге үлкен рахмет.
СНХ: МАКСИМ ТИМОХОВЕЦ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен осы жобаға «Көкшетау жолдары» мекемесінің атынан қатысып отырмын. Осы жобаға қатысу мен үшін күтпеген, бірақ жағымды тосын сый болды. Сонымен қатар облыстық филармониямен, оркестрмен, солист Арай Букаевамен бірге өнер көрсеткенім үшін өте қуаныштымын. Өте ерекше сезімде тұрмын. Осы уақыт бойы біз көрерменсіз дайындалдық, ал қазір көрермендер алдында өнер көрсету мен үшін үлкен қуаныш.
РКС: Жоба аясында еңбек адамдары кәсіби әртістерден еш кем түскен жоқ. Бұл кеш олардың шығармашылық қырларын ашып, жаңа шабыт сыйлады. Шара соңында барлық қатысушыға шығармашылық ынтасын арттырып, белсенді қатысқандары үшін сыйлықтар табысталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ