ДИКТОР: Архивтер - бұл тек құжаттар мен қағаздар жинағы емес, ол ұлттың тарихи жады, мәдениеті мен өркениеті. Архивтерде сақталған тарихи деректер бізге өткенімізді түсінуге, болашағымызды жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, архивтер қоғамдағы әрбір оқиғаның дәлелі мен куәгері. Бұл тек тарихшылар мен ғалымдар үшін ғана маңызды емес, барлық азаматтар үшін қажет деректер көзі.
РКС: Архивтер құжаттар арқылы қоғамның заңды нормаларын, саяси шешімдерді, мәдени құндылықтарды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Ақмола облысы мемлекеттік арвив қоры 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 1347 қор сақталған.
СНХ: ДІЛДАР БЕГАЙДАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қоғамда архивке деген қызығушылық артып келеді. Адамдар өз шежіресін, туған өлкесінің тарихын тануға ұмтылуда. Осыған байланысты біз архив жұмысын 2017 жылдан бастап цифрлық форматқа көшіруді қолға алдық. Архив қызметінің негізгі бағыттары - құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және халыққа қол жетімді ету. Сондай-ақ, тұрғындарға архивтік анықтамалар мен құжат көшірмелерін беру -маңызды міндетіміз.
РКС: Қазір архивтер тек қағаз түрінде ғана емес, цифрлық форматта да сақталып, интернет арқылы құжаттармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл - цифрландырудың арқасында архивтерге қол жеткізу жеңілдеді және олардың сақталуы ұзақ мерзімді қамтыды. Мәселен, көптеген архивтер қазір онлайн жүйеде жұмыс істеп, кез-келген деректі, көне суреттерді QR-код арқылы жандандырып, ғылыми зерттеушілерге, студенттерге, тарихшыларға маңызды деректерді әрқашан қолжетімді етеді. Цифрландыру тек архивтердің тиімділігін арттырып қана қоймай, оларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар үшін қолжетімді етті. Әсіресе, архивтердегі құжаттардың ғаламдық масштабта таралуы мәдениетаралық байланыстарды нығайтып, әртүрлі елдер арасында тарихи құжаттармен алмасуды жеңілдетеді.
СНХ: БАЯН НҰРҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ АРХИВИСІ: Ақмола облысы мемлекеттік архивінің оқу залына жыл сайын көптеген зерттеушілер әр түрлі келеді. Біз жылына 200-ден астам келушіні тіркейміз және бұл сан жыл сайын артып келеді. Оқу залына Қазақстанның түрлі өңірлерінен, оның ішінде Польша, Германия, Америка Құрама штаттарынан және басқа да алыс және жақын шет елдерден зерттеушілер қызығушылық танытып келді. Зерттеушілер арасында біздің өңірдің тарихы үлкен қызығушылық тудырады, сонымен бірге зерттеулер негізінен Көкшетау облысының Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы ақпарат жинау, Қазақстандағы ашаршылық кезеңі және оның салдары, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және т.б.бағыттары бойынша жүргізіледі.
РКС: Қазіргі таңда Ақмола облысының мемлекеттік архиві 96 жинақтау көзін қамтиды. Бұл мекемелердің әрқайсысында өз ведомствалық архиві жұмыс істейді. Архивтер - бұл тек өткеннің сақтаушысы емес, қазіргі заман мен болашақ арасындағы алтын көпір. Олар бізге тарихты, мәдениетті, құндылықтарды сақтап қана қоймай, болашақ ұрпақтарға да жеткізіп, әлемдік мәдениеттің бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік береді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ