ДИКТОР: Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы орайда, Көкшетауда «QAZAQ VOICE» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқау өтті. Шараның негізгі мақсаты –мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданысын кеіейту, Абайдың шығармаларын насихаттау. Сонымен қатар тіл мәдениетін арттыру. Шараға қатысып қайтқан тілшінің материалына назар аударыңыздар.
РКС: Өңірдің түкпір-түкпірінен Абайдың бай мұрасын дәріптеуге 9 мемлекеттік қызметші келді. Үш кезеңге бөлінген байқаудың алғашқы шартында өзін-өзі таныстыру қажет. Келесі кезеңде Абайдың кез келген бір өлеңін жатқа оқуы тиіс болса, соңғы мәреде қатысушылар ұлы ақынның бір қара сөзін немесе әнін айтуы тиіс болатын.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛМИРА САБЫРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жоба, міне, екінші жыл өткізіліп жатыр. Мұның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық жаңа қырынан таныту. Биылғы жылы ұлы ойшыл ақынымыз, ағартушы қазақ әдебиетінің қалаушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай осы байқауды Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен байланыстырдық. Енді бұл байқауға біздің аудандардан, қалалардан қатысушыларымыз келіп өз өнерлерін паш етуде. Бұл байқау дәстүрлі болады деп үміттенеміз. Бұл тек қана біздің облысымызда ғана жүзеге асырылып жатқан байқау.
РКС: Байқау мемлекеттік қызметшілер үшін оңайға соққан жоқ. Әрқайсысы өз өңірінің сен тұр, мен атайын өнерпазы десе де болады. Солардың бірі – Біржан сал ауданынан келген Әйгерім Әубәкірова. Қазылар алқасының шешімімен ол байқаудың жеңімпазы атанды.
СНХ: ӘЙГЕРІМ ӘУБӘКІРОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ «QAZAQ VOICE» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Біржан сал ауданы мәслихаты аппаратының бас маманымын. Осы байқау туралы маған ауданымыздың Мәдениет және тілдерді басқару бөлімінің басшысы Әмина Мәлікқызы айтқан болатын. «Қатысып көр... Сынап көр өзіңді.» - деп. Осы байқаудың жастарға деген зор үлесі бар деп ойлаймын. Біздер мемлекеттік қыметші болғасын, бізге қарап, жастар бізден үлгі алады деп ойлаймын. Ешқашан біздің осындай ағартушы, ақындармызды ұмытпайды деп ойлаймын. Сол Осындай байқаулар облысымызда көп бола берсін!
РКС: Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандардың есімдері аталды. Көкшетау қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы Ерден Нұрмұхамет екінші орынды еншіледі. Ал Жарқайың ауданындық қазынашылық басқармасының бас маманы Қарлығаш Қойшыбаева жүлделі үшінші орынды місе тұтты. Жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ