ДИКТОР: Облыстық полиция департаментінде қызмет бабында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін еске алу рәсімі өтті. Полицейлер ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіп жолында қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етіп, департамент алдындағы мемориалға гүл шоқтарын қойды. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, ерлікпен көз жұмған тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Гүлбаршын Ыдырысова қызмет бабында қаза тапқан подполковниктің жесірі. 2001 жылы жұмыс бабымен жұбайымен Астанадан Көкшетауға қоныс аударыпты. Қызметтік міндетін атқару кезінде кезекті шақыртудан соң үйіне қайтып келе жатқанда ер азаматы жол-көлік оқиғасында қаза тапқан.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН ЫДЫРЫСОВА, ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕСІРІ: Жолдасым 2001 жылы осы ДВД-да подполковник, марқұм Идрисов Зияд Ахатұлы мезгілсіз мезгілде қайтыс болған еді. Міне, содан бері осы ДВД-ның қамқорындамыз. Әрбір мерекелерге шақырып, осылай елеп жатады. Бәріне үлкен рақмет! Еңбектеріне табыс тілейміз! Алды жақсы қызмет болсын! Елге жақсы, адал қызмет атқарсын! Осы міне, бүгін тағзым етіп, жолдасыма гүл қоюға келдім. Үлкен рақмет ДВД-ның басшыларына, полицияның басшыларына, бәріне – осыны ұйымдастырып жатқан адамдарға.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін, 24 маусым күні біз өз ардагерлерімізді және қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жанұяларын, отбасыларын шақырып осындай обелискке қаза тапқан біздің әріптестердің ескерткішіне гүл салып, бүгін осылай зейнеткерлерімізді марапаттап, осылай назар аударып жатырмыз. Осындай жұмыс бізде жыл сайын өткізілетін. Жыл тәулігінде біз ардагерлерімізді және жаңағы қаза тапқан қызметкерлердің жанұяларын ылғи құрметтеп, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Жыл бойынша бүкіл өзіміздің ардагерлерімізді және қаза тапқан әріптестерімнің жанұяларын, отбастарын қолдап, ылғи көмектесіп жүреміз.

РКС: Ақмола облысының ішкі істер органдарында 3 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Олардың бәрі күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықпен күресте алдыңғы шепте тұрған өз ісінің майталмандары. Айта кетейік, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен қоғамдық қауіпсіздіктің негізі болып қала бермек.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ