ДИКТОР: Сәуірдің 23-де Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтті. Мереке аясында отандық әдебиеттің ең танымал 100 кітабын анықтауға бағытталған жалпыұлттық сауалнама басталды. Бұл жоба қазақстандықтардың әдеби талғамын айқындап қана қоймай, елдің бай мәдени мұрасын еске салуды да мақсат етпек.

РКС: Қазақстанның 100 үздік кітабы» ұлттық сауалнамасының аяқталуына небәрі бір ай қалды. Әрбір азамат дауыс беруге қатысып, қазақстандық авторлардың көркем 10 шығармасына дейін ұсына алады. Бұл жоба оқу мәдениетін қалыптастыру мен отандық әдебиетті насихаттауда маңызды роль атқарады.

СНХ: АЙНҰР ӨТЕБАЕВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітап оқуды насихаттауға бағытталған сауалнама жүріп жатқанын қуанышпен айта аламын. «100 кітап» - бұл жай ғана рейтинг емес, бұл әрбір қазақ оқырманы таңдауы арқылы әдеби орталықты қалыптыстыру, отандық авторлардың мәртебесін көтеру. Жас ұрпақты кітап оқуға баулу сияқты нақты қадам деп есептеймін.

РКС: Бүгінгі күнге дейін ұлттық сауалнамаға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Мамандардың айтуынша, бұл жоба елдің әдеби мұрасын сақтау мен дамытуға ықпал етіп қана қоймай, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады.

СНХ: ҰЛБОЛСЫН ЖОЛДЫБАЙ, СТУДЕНТ: Қазіргі таңда кітап оқу меніңше маңызды роль атқарады. Өйткені, болашақ ұрпақ кітап оқыса, өзіне, біріншіден, дем алып қана қоймайды, өзінің тарихын, мәдениетін және де өзінің әдебиетін де біледі. Және де өзінің тілін үйренуге де көп көмектеседі. Қазіргі таңда мен өз мәдениетімізді білу мақсатында оқыған кітаптарым бар. Мысалы, Ілияс Жансүгіровтің «Көшпенділер» кітабын алсам болады. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының, Мұқағали Мақатаевтың да кітаптарын, өлеңдерін оқу арқылы келешек ұрпаққа өнеге қалдыра аламыз деп ойлаймын.

РКС: Айта кетейік, дауыс беру электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта өтіп жатыр. Ол 23 шілдеге дейін жалғасады. Әрбір азамат отандық әдебиеттің үздік шығармаларының тізімін жасауға өз үлесін қоса алады. Сауалнама нәтижесі 10 тамыз - Абай күніне орай жарияланады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ