ДИКТОР: Көкшетауда есірткімен күресудің халықаралық күні қарсаңында интерактивті квест-ойыны өтті. Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
РКС: Шара басталмас бұрын қатысушылар үшін психолог тренинг өткізді. Балалар арасында сенімділік атмосферасын құруға және команданы ұйыстыруға, өзара тілдесу машықтарын дамытуға ерекше басымдық берілді. Мұның өзі ойын барысында оған қатысушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына әрі өзара тиімді әрекет етуге мүмкіндік туғызды.
СНХ: ҮМІТЖАН ҚҰСМАҒАН, ПСИХОЛОГ: Тренинг барлық қатысушыны бір-бірімен таныстыру мақсатында өткіздік. Мүмкін бұдан соң олар бір-бірімен араласып кетер деген ниеттеміз. Екіншіден, дәл осындай квенст ойынында белсенді болуына ықпал ету. Командалық жұмыстың бар екеніне көздерін жеткізу. Сонымен қатар мимен ойлайтын жаттығуларды еріксіз жасаттық десек те болады.
РКС: Ұйымдастырушылар шара барысында алдын-алу бөлігіне ерекше назар аударды. Қатысушылар үшін түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жастарға есірткінің зияны, оның денсаулыққа, отбасы мен қоғамға орны толмас кері ықпалы туралы айтылды.
СНХ: МЕЙІРЛАН ЖАМБЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Бүгін бізде тренинг өтті. «Жасыл елге» өте көөп рет бізге адамдар келді. Олар бізге әртүрлі қызықты ойындар өткізеді. Бізге өте ұнайды және көп сұйықтарды бізе бере алады. Жалпы, «Жасыл елде» бізде, көптеген шаруаларды істейміз. Табиғатқа зор қамқорлық көрсетемізжәне осындай тренингтарға қатысамыз.
РКС: Таза ауада өткізілген квест салауатты өмір салтын ұстанушылар қатарының көбеюіне ықпал етті әрі оның маңыздылығын тағы бір айқындады. Алдын алу шарасының мұндай форматы бұл тақырып туралы жеңіл, тиімді әрі қолжетімді етіп айтуға мүмкіндік береді,-дейді ұйымдастырушылар. Қатысушылар саны көбейіп келеді. Балалар мұндай шараның жиі өткізілетінін айтуда.
СНХ: МЕЙІРЛАН ТҰРЫБАЙ, КВЕСТ ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі квест ойынымыз 26 маусым күні өтетін Нашақорлықпен күрес іс-шарасына арналған.бұнда, бізде 45-50 шақты бала қатысады.оның мақсаты – балаларды кішкен сергіту, нашақорлықтан алыстату және де спортқа дене шынықтыруға жақындату болады.
РКС: Мұндай шаралар оң-солыңды тануға, жаңа достар табуға жәрдемдеседі. Керемет эмоция сыйлайды,-дейді қатысушылар. Квест-ойын жастар арасында есірткінің алдын алу мәселесіне шығармашылық әрі өзгеше тұрғыдан қарауға болатынын үлгі еткендей. Салауатты әрі саналы болашаққа қадам басуға жетелейтін ойын екенін ұқтырды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ