ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазақстанның Халық банкі бірлесе ұйымдастырған «Түбіртек талап ет - жүлде ұтып ал» республикалық акциясының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды. Ол 19 мамырда бастау алған. Бүгінде азаматтар сатып алған тауарының түбіртегін Amian қосымшасы арқылы жіберіп, түрлі құнды сыйлықтарға қол жеткізіп отыр.
РКС: Қазақстанның Халық Банкі жеңілдіктер мен науқандар санын арттырып, өз тұтынушыларына қуаныш сыйлауда. Мамыр айында банк бірқатар мотивациялық жобаларды іске қосты. Солардың бірі - «Түбіртек талап ет - жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы. Бұл бастама тек банктік сервисті дамыту ғана емес, сонымен қатар қаржылық мәдениетті арттыруға қосқан үлесі.
СНХ: АЙНҰР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Сәуір айынан бастап «Чекті талап ет - жүлде ұтып ал» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты - тұтынушылардың құқықтарын қорғау, адал бизнесті қолдау, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күресу.
СНХ: БЕЙБІТ АХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл бонусты халық банк атынан жеңіп алу үшін тек қана біздің карточкалармен және постьерминалдар арқылы операциялар өткізу керек. Фискалды чектерді Amian қосымшасына жүктесеңіз, автоматты түрде акцияны қатысушысы боласыз.
РКС: Облыс көлемінде 10 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында Ақкөл, Аршалы, Астрахан және Жарқайың аудандарынан бір-бір қатысушыдан жеңіске жетсе, Жақсы ауданынан екі, ал Көкшетау қаласынан төрт тұрғын жүлдеге ие болды.
СНХ: АЙНАГҮЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, ЖЕҢІМПАЗ: Чектерді мамыр айынан бастап жүктей бастадым. Маусым айының бас кезінде маған Халық банктен хабарласты, сіз 100 мың ұттыңыз деп. Басында сенімсіздік болды. Қызыма келіп қуанышымды айттым. Күтпедім, шынымды айтсам. Енді міне тағы хабарласып марапаттауға шақырды.
РКС: Айта кетейік, «Түбіртек талап ет - жүлде ұтып ал» республикалық акциясы қараша айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген азамат Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді тіркеп, ақшалай сыйлықтар мен бағалы жүлделер ұтып алу мүмкіндігіне ие.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ