ДИКТОР: Көкшетаудағы «Айбын» әскери-патриоттық клубы халықаралық деңгейдегі жастар жиынына дайындықтарын күшейтті. Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің тәрбиеленушілері аталған жарысқа 5 рет қатысып, соңғы үш жыл қатарынан жүлделі орындардан көрінді. Клуб саналы, жауапты, әрі өз елінің нағыз патриот азаматтарының жаңа буынын қалыптастырып келеді.
ЕСТ.ШУМ:
РКС: Санаулы секундтарда автоматты бөлшектеп, жинау айбындық жас патриоттар үшін еш қиын емес. Себебі, олар күнделікті болмаса да, аптасына бірнеше мәрте жаттығады. Сондай-ақ, оқ атып, көздеген нысанаға дәл тигізетін мерген болуды да меңгеруде. Эстафета барысында олар пневматикалық винтовкадан да, садақпен де атып сынға түсті. Арқан тартысып, білек күштерін сынады.
СНХ: ҚУАНЫШ ҚАЛИЕВ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ «АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Кез келген жарыста тек физикалық дайындық емес, оған қоса психологиялық даярлықтың да өте маңызы зор. Түстен кейін спорттық алаңға шығып, физикалық дайындыққа кірісеміз, кросс жүгіреміз, турникке тартыламыз. Қыздар фитнес залына кіріп, әрі қарай физикалық жаттығуларды жалғастыра береміз.
РКС: Жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу практикалық жаттығулармен қатар түрлі тактикалық және интеллектуалдық тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асырылады. «Smart-сарбаз» жобасы арқылы жас патриоттар өздерінің ғылыми-техникалық білімдерін де жетілдіруде.
СНХ: ӘМІР ҚАЖАҚПАРОВ, АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Қазіргі таңда мен осы «Айбын» әскери-патриоттық клубында жаттығып жүрмін ғой. Содан кейін оқуымды бітіргеннен кейін өзімді әскери тұрғыдан көре аламын Осы «Айбын» мені әскери, физикалық, психологиялық тұрғыда және патриоттық тұрғыда жетілдірді.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ