ДИКТОР: 31 балабақша, 16 мектеп мен 7 емхана. Астанаға тура жол, қазандық, қосымша станция мен электр тарату желілері. Мұның бәрі алдағы уақытта біртіндеп Қосшы қаласында пайда болады. 2037-ші жылға дейін шаһар бас жоспарға сай дамиды. Аймақ басшысы Қосшы тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде мәлімдеді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов әр жоба қаланың мәртебесіне стандартына сәйкес келетінін атап өтті. Тұрғындардың тиісті сұранысы да ескеріледі.
РКС: Бірінші кезекте Қосшыда инфрақұрылымға қатысты мәселелер шешіледі. Қаланың қарқынды өсуімен қатар оның инженерлік желілеріне де үлкен салмақ түсуде. Газбен жабдықтау, жол, жарық және жылумен қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілмек. Былтыр «Сарыарқа» магистралды желісінен газ құбырының құрылысы басталды. Жоба үш жылға есептелген. Ол іске қосылса 30 мың абонент табиғи газдың игілігін көреді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:863_9550 Ағымдағы жылдың аяғына дейін жоспарланған осы жобаны іске қосамыз. Бірінші ол 10 мың абонент, 11-і микрорайоннан 15 микрорайонға дейін. Осы жазда газ береміз. Екінші іске қосу кешенінің құрылысы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Оны іске қосу осы 26 жылдың көктемінде жоспарланған. Әрине, біз оны ертерек аяқтауға тырысамыз. 2026 жылдың соңына дейін Қосшы қаласы да, Тайтөбе ауылы да 100% газбен қамтамасыз етіледі.
РКС: Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспары аясында Қосшы қаласы бойынша 39 жоба жүзеге асырылады. Сумен жабдықтаудың 4-ші кезегінің құрылысы биыл аяқталады. Қаланың жаңа шағын аудандарының 5 мың абоненті сапалы ауыз суға қосымша қол жеткізбек. Жарық және жылумен қамтамасыз ету де маңызды. Тайтөбедегі 6 мың абонентті электр тарататын жаңа желі елдімекенді толығымен үздіксіз жарықпен қамтамасыз етпек. Жеке инвесторлардың қолдауының арқасында қалалық қазандықтың қуаттылығын ұлғайтуға қатысты жоба әзірленіп жатыр. Жол инфрақұрылымына да баса назар аударылуда. Жол құрылысы мен оны жөндеуге 6,5 миллиард теңге бөлінді.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тайтөбе ауылының 80 астам % жол асфальтталған. Келесі жылы ол жоба толығымен бітеді. Құрделі жөндеу жасаймыз, ол қымбат жоба. Қосшы қаласына келсек, биыл құрылыс жобасына 4,6 млрд. тенге қарастырылған. Мердігер – BI Group. Бұл жоба бойынша биыл 10 көше салынатын болады. Ол қалаға сай жобалар. Оның ішінде теқ қана жолдар емес, ол тротуарлар, су құбырлары, освещение.
РКС: Саябақ пен екі сквер құрылысына жер телімі бөлінді. Балалардың ойын алаңдары да абаттандырылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 мың бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Алдағыв үш жылда оған 1,5 миллиард теңге бағытталмақ. Биыл 25 миллиард теңгенің инвестициялық 17 жобасы жүзеге асырылады. 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы алғанда Қосшыда тұрғындар үшін де, бизнеске де қолайлы жағдайдың бәрі жасалуда. Сапалы инвестиция тарту мәселесі ерекше бақылауда болады, деп атап өтті аймақ басшысы.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ