ДИКТОР: Ақмола облысының полицейлері тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында тұрғын үйлердің аулаларында кеңес беру шарасын ұйымдастырды. «Аулалардағы қабылдау» акциясы құқықтық көмек және өздерін толғандырған өзекті мәселелерге жауап алуға ниетті жүздеген ақмолалық тұрғынды қамтыды.

РКС: Акцияның алғашқы күнінде Көкшетаудағы №8 учаскелік полиция пунктіндегі алаңда облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Әбутәліпов қала тұрғындарын қабылдады. Ол ішкі істер органдарының құзыретіне енетін мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес берді. Ал жіті зерттеуді қажет ететін өткір мәселелерді бақылауына алды. Көкшетаулықтар аулаларды абаттандыру, бағдаршамдар мен жаяу өтпе жол орнату мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді көтерді.

СНХ: СЕРІК ӘБУТӘЛІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетау қаласында Сарыарқа мөлтек ауданында аулада каула-кала акциясында қатысудамыз.Аталған аулада қабылдау акциясы бүкіл өңірімізде жүргізіліп жатыр. Бұл акция тұрғындардың барлық көкейтесті мәселелерін. Зерделеп, соған шешім қабылдау және де заң мен тәртіп қағидатында идеологиялық жұмыстарды жүргізу болып табылады. Осы аулада қабылдау акциясына барысында өзіміздің қазіргі белсенді қоғамдық көмекшілерімізді. Ішкі істер министрінің атынан Алғыс хат марапатталды. Осындай жұмыстар әр аулада күнделікті жүргізіліп тұрады.

РКС: Мұндай мобильді алаңдар өзекті мәселелерді тұрғындардың өз аузынан естуге мүмкіндік. Екіншіден оны шешу үшін жедел шаралар қабылданады әрі халықпен тығыз қарым-қатынас орнатылады,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: АНАСТАСИЯ АСЕНОВА, ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨКІЛІ: Станционный шағын ауданы үлкен ғой. Жекеменшік сектор көп шоғырланған. Учаскелік 3 инспектор жұмыс істейді. Расул, Сайран және Ринат. Олардың қызмет еткеніне біраз болып қалды. Бізді тыңдай біледі, бірден көмекке келеді. Біздің кез келген өтінішімізді аяқсыз қалдырған емес. Жедел әрекет етеді. Достық қарым-қатынас қалыптасқан. Шағын ауданымызда тәртіпті қадағалап, таза ұстауға тырысамыз.

СНХ: МҰРАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, УРАТ ИСМАГАМБЕТОВ, «ЖАНСАЯ» МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Полиция капитаны, біздің учаскелік инспектор Мақсатпентығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Кез келген мәселе туындай қалса бірлесіп шешеміз. Бейнебақылау камералары бар. Кішігірім бұзақылық немесе белгіленбеген жерге қоқыс қалдырып кететін жағдайлар кездеседі. Сол сәтте бірден көмекке келеді. Үйінде ме, қызметте ме, уақытпен санаспайды. Сондықтан Мақсатқа алғысымыз шексіз.

РКС: Мұндай кездесулер дәл осы күні аймақтың барлық елдімекенінде өтті. Учаскелік инспекторлар халықтың тұрғылықты жері бойынша азаматтармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, ақпараттық буклеттер таратты.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.