ДИКТОР: Ашылғанына 25 жыл болған Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледж олимпиада ізбасарларының құтты мекеніне айналды. Бапкерлердің бүгінгі таңдағы мақсаты Ақмола облысының түкпір-түкпірінен талантты спортшы балаларды тарту.

РКС: Степногорск қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында өткен "Олимпиада үміттері" жарысының маңызы зор -, дейді ұйымдастырушылар. 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Олар спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Бөген батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжде 20 жылдан астам бапкер болып олимпиада ойындарына шәкірт дайындаған білікті бапкер өз ойын ортаға салды.

СНХ: СЕРГЕЙ ШЕВЧЕНКО, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біздің спорт мектеп- интернат колледждің шәкірттері сан түрлі жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Бірнеше ауыр атлетіміз ұлттық құраманың сапында өнер көрсетуде. Ізбасарлар бар. Олармен жүйелі жұмыс істеу керек.

ИНТЕРШУМ:

STAND UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Білікті бапкер Сергей Шевченконың арманы асқақ. Ол - олимпиада чемпионын дайындағысы келеді.

РКС: "Олимпиада үміттері" жарысына аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ең таңдаулы өкілдері келді. Олар жарыс алаңдарында жасындай жарқырады.

СНХ: МИРАС МАСАБАЕВ: БОКСТАН ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ БАПКЕРІ: Бұл жарыстың мақсаты болашақ олимпиадашыларды шығару. Оны біз шәкірттерімізді Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалалрға арналған интернат колледжге беру арқылы жүзеге асыра аламыз. Мен осы мекеменің бапкерлерімен тығыз байланыстамын. 5 шәкіртім спорт - интернатта оқып білім алып, спортта шыңдалуда.

РКС: Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжінің директоры танымал балуан Ерік Жапаров жарыс кезінде болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдерді іріктеп алуға ерекше назар аударды. Бұл жұмыс жаттықтырушыларға сеніп тапсырылды.

СНХ: АСАН ҚАЛИЖАНОВ, БАПКЕР: "Олимпиада үміттері" жарысына тек қана Ақмола облысының өрендері қатысуда. Олар спорттың бірнеше түрінен сыңға түсті. Мен балуан ұл-қыздардың белдесуін жіті қадағаладым. Спорт- интернат колледжге қабылдауға лайықты жасөспірімдер аз емес.

РКС: Ширек ғасырлық тарихы бар Степногрск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорт - интернет колледж қабырғасынан осынау жарысқа қатысқан ұландарды көретін күн алыс емес.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ